Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

           Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

           Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында азамат А.Сагидановтың (бұдан әрі — Мемлекеттік қызмет алушы) түскен шағымы негізінде, аталған шағымдағы уәждерді жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік қызмет бойынша негізсіз дәлелді бас тарту және мемлекеттік көрсету тәртібі бұзылғандығы бойынша бұзушылықтар анықталды.

           Сұрау хаты бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

           Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

           Қазіргі таңда, қызмет алушы құқықтары жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертіліп толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Құрманқұлов Ә.Ж.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...