Ағымдағы жылғы 12 қыркүйекте Алматы қаласы Әдеп жөніңдегі Кеңесінің кезекті отырысы өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес, келесі сұрақтар қарастырылады:
1 сұрақ. 2024 жылдың I жартыжылдығында Алматы қаласының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерімен жасалған құқық бұзушылықтар бойынша талдау нәтижелерін қарау.
Талдау нәтижесі көрсеткендей, 2023 жылы Алматы қаласының кей мемлекеттік қызметшілерімен Әдеп кодексіне қайшы келетін 13 әкімшілік құқықбұзушылықтар жасалған болса, 2024 жылы аталған көрсеткіш 7 әкімшілік құқықбұзушылықты көрсетті.
Бұл ретте, мемлекеттік органдарға қызметшілердің жұмыстан тыс уақытта әдеп нормаларын, әкімшілік құқықбұзушылықтын алдын алуға бағытталған тиісті ұсыныстар құрастырылды.
2 сұрақ. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау бойынша талдау нәтижелерін қарау.
Мемлекеттік қызмет істері Департаменті қызметкерлерімен Алматы қаласы мемлекеттік органдарымен бірлесе мемлекеттік қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізіліп отырылады.
2024 жылдың 18 шілдесіне дейін 12 ішкі бақылау шаралары өткізіліп, нәтижесінде 2 941 бұзушылық анықталды.
Басым бөлігі мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін бұзу (2500 бұзушылық) және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу (301 бұзушылық) болып табылады.
Кеңес мүшелерімен мемлекеттік көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар әзірленді.
3 сұрақ. Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелері бойынша жұмысының қорытындысын қарау.
Кеңестің негізгі функцияларының бірі болып қызметтік әдептің сақталуын мониторингтеуді және бақылауды жүзеге асыру кезіндегі әдеп жөніндегі уәкілдер қызметінің нәтижелерін қарау болып табылады.
Бұл ретте қызметкерлер саны мыңнан асатын Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілінің қызметі қаралды.
Кеңес мүшелерімен талдау барысында анықталған мемлекеттік кірістер департаментінің әдеп жөніңдегі уәкілінің кемшіліктері талқыланып, оның қызметін жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстарн енгізу жоспарланды.
- Сұрақ. 2024 жылдың I жартыжылдығында тәртіптік практиканы талдау қорытындылары негізінде аумақтық мемлекеттік органдардың тәртіптік комисиялары қызметін талдау нәтижелері қаралды
2024 жылдың I жартыжылдығында Алматы қаласы бойынша 543 мемлекеттік қызметші тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Бұл көрсеткіш 2023 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 27%-ға көп екенін көрсетті.

Талдау нәтижесі көрсеткендей, тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлердің 99% елеусіз теріс қылық жасаған.
Ал мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылғандардың саны 2 қызметкерді құрап, алдыңғы жылмен салыстырғанда 2 есе төмендегенді көрсетті.
Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшілердің тәртіптік жауапкершілігін қарау кезінде оның құқықтарын бұзылудын алдын алу мақсатында Департаментке мемлекеттік органдардың әдеп жөніңдегі уәкілдерімен және кадр қызметкерлеріне семинар-кеңес ұйымдастыру тапсырылды.
Алматы қаласы Әдеп жөніңдегі Кеңесі өзіне жүктелген міндеттерді орындау бойынша жұмыстар жалғасатын болады.
Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басқарама басшысы Н. Узбеханов


