12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Әдеп кодексі – судьялардың басты тірегі

Судья – мәртебелі мамандық. Мемлекеттегі үшінші билік саналатын сот құрылымының тәуелсіздігін нығайтып, судьялардың мәртебесін көтеру мақсатында бүгінгі күнге дейін қолға алынған іс-шаралардың нәтижесі жоғары. Еліміздің Ата Заңынан бастап, «Қазақстан Республикасы сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңының сот саласын жандандыруға, судья беделін биіктетуге қосқан үлесі өлшеусіз. Ал 1996 жылы республика судьяларының бірінші съезінде қабылданған Әдеп кодексі қазылардың қызметтегі және қызметтен тыс уақыттағы әдебі мен жүріс-тұрысына қатысты ережелерді бекітуімен құнды саналады.

Осы уақытқа дейін Әдеп кодексі екі рет жаңғыртуды басынан кешірді. 2009 және 2016 жылдары қабылданған судья әдебі кодекстері сот жүйесі мен судьялар қызметіне қатысты заман талабын ескере отырып дайындалған болатын. Ал қазіргідей әлеуметтік желілердің дамуы, ғаламтордағы белсенділік, сот жұмысының ашықтығы Әдеп кодексінің қағидаларын қайта қарау керектігін алға шығарды.

 «Судья орынтағына отырған адал адам өзінің барлық қызығушылығын ұмытады» дейді данышпан Марк Туллий Цицерон. Расында, судья болған адам әр қадамын аңдап басып, әр сөзін байыппен жеткізуі керек. Себебі, судья – халықтың адамы, елдің алдында жүрген, көпшілікке үлгі көрсетуі тиіс тұлға. Сол себепті судья тарапынан жіберілген қателік соттың беделіне нұқсан келтіріп, мемлекеттегі әділдікке күмән туғызатынын ұмытпағанымыз жөн. Әсіресе, тазалықтың, туралықтың, теңдік пен әділдіктің кепілі болуға тиіс судьялардың сыбайлас жемқорлық қылмыстарынан бойын аулақ ұстап, жең ұшынан жалғасуға жол бермегені абзал. Өйткені, бір судьяның жемқорлықпен ұсталуы бүкіл сот саласының бет-бейнесіне көлеңке түсіреді. Сот құрылымының жылдар бойы жинаған беделін төмендетуге бір судьяның қателігі жеткілікті. Ал беделдің мысқалдап жиналатыны түсінікті.

Судьялардың жаңа Әдеп кодексінің жобасында сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қою мәселесінің арнайы қарастырылуы бұл тақырыптың сот корпусы үшін ғана емес, жалпы еліміз үшін қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Жобада судьяның кәсіби міндетін атқарудағы, қоғамдық қызметі мен тұрмыстық жағдайдағы теріс қылығы ретінде әдептілік ережелерінің сақталмауы, сот органының беделіне нұқсан келтіретін әрекеттері танылатыны көрсетілген. Ал сот органының беделіне көлеңке түсіретін бірден-бір теріс қылық – сыбайлас жемқорлық. Сондықтан, жаңа Әдеп кодексінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, кеселге жол бермеуге барынша көңіл бөлініп отыр.

Судьялар қауымдастығы арасында белсенді талқыланған Судья әдебі кодексінің жобасы сот корпусының беделін биіктетуге, судьялардың әдептілік қағидаттарын нығайтуға қызмет етеріне сенеміз.

С.Баймакулова,

Алматы қаласы

мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...