Абай облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты, қауіпсіздігі аралас мекемеде қақпада алдындағы кездесу өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖД-не қарасты, қауіпсіздігі аралас мекемеде еңбек және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспектор бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтармен «Қақпа алдындағы кездесу» іс-шарасын ұйымдастырды.
Шымкент қаласының 39 жастағы тұрғыны адам өлтірілгені үшін 16 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Ол жазасын өтеу кезеңінде ішкі тәртіп ережелерін бұзбай, өзін жағымды жағынан көрсетті. Сотталған мекеме аумағында орналасқан жеке кәсiпкердiң өндіріс орындарының бiрiнде жұмыс iстедi. Алған жалақысынан өзiнiң туыстарына көмектесiп, сот тағайындаған талап-арыздарын төледі.
Бүгін мерзімінен бұрын шартты түрде босатылған күні оны осы жылдар бойы күткен әпкесі қақпа алдында қарсы алды. Әпкесі осы уақыт ішінде оған үзбей қолдау көрсетіп, әркез ұзақ мерзімді кездесуге келіп тұратын.
Бүгін, үйге қайтатын уақыт келген күн. Осында отырған уақытымда, мен көп оқыдым, мекеме ішінде өткізілген түрлі іс-шараларға қатыстым, ағаш кесуші болып жұмыс істей отырып, жазамды орындауға берген мерзімімді өткердім. Менің отбасым жоқ, осы уақыт ішінде әпкем мені қолдады, бүгін ол мені қарсы алды. Қоғамнан оқшауланған уақытымда, мен көп нәрсені түсіндім, өмірге қатысты көзқарастарым өзгерді, енді қамауға алынғанға дейінгідей емес, мені мүлдем басқа өмір күтіп тұр — деп ойымен бөлісті сотталушы.

Жалпы , «Қақпа алдындағы кездесу» жобасының маңызы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіптік білім беру, біліктілікті арттыру, жұмыспен қамту, заңгерлік көмек көрсету салаларында түсіндіру жұмыстары мен консультациялар жүргізеді, — деп түсіндірді еңбек және тұрмыстық орналастыру жөніндегі инспектор Бауыржан Жаналиев.

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...