12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Сот актісін түсіндіру шағымдар санын азайтады

Көпшіліктің пікірі, талап-тілегі сот саласының дамуына оң серпін береді. Себебі, сот қызметін, соттағы жаңашылдықтарды тұтынатын – халық. Сот тәжірибесіне енгізілген жаңа бастамалардағы жетістіктер мен кемшіліктерді де әділ бағалайтын – қарапайым тұрғындар. Осыны ескергендіктен, сот жүйесінде азаматтардың пікірін тыңдауға, қоғамдық қабылдауларды, дөңгелек үстелдерді жиі ұйымдастырып, онда көпшіліктің ұсыныс-тілегін жинақтауға тұрақты көңіл бөлінеді.

Әрине, сотта екі тараптың мүддесі қозғалатындықтан, бір тараптың жеңіп, екінші тараптың ұтылатыны қалыпты жағдай. Ал осы жеңіліс тапқан тараптар сот жұмысын сынға алып, өз реніштерін білдіріп жатады. Азаматтардың көпшілігі сот шешімінің түсініксіз жазылғанына, заңдық терминдердің көптігіне шағымданғаны байқалады. Бұл олардың жоғары тұрған сатыларға шағымдануына түрткі болған. Осыны ескере отырып, судьяларға өз шешімдерін түсіндіру міндеті жүктелген еді.

Сот актісін түсіндіру – судьялар жұмысына ауқымды өзгеріс әкелді. Себебі, өзі шығарған шешімнің мәні мен маңызын қарапайым тілмен, ұғынықты етіп түсіндіру судьядан сауаттылықты, мәдениеттілікті, тіл байлығының молдығын, жауаптылықты талап етеді. Ал мамандардың тар шеңберіне ғана түсінікті, күрделі кәсіби терминдермен жасақталған мәтінді кез келген адам қабылдай алмайды.

Сот шешімі үшін басты ереже – қарапайым жазылуы, түсінікті түзілуі және сенімді болуы. Өз шешімін жалпақ тілмен, қысқа да нұсқа түсіндіре алмаған судьяның біліктілігі күмән тудырады. Ал күмән сот актісінің әділдігіне қатысты сенімді төмендетеді. Сондықтан, судья сот актісін шығарған соң оның мазмұнын сауатты, қысқа, анық, түсінікті жеткізіп, тұжырымды, ықшам, дәлелді, логикалық жақтан дұрыс қолданып, сөйлеу мәнеріне көңіл бөлуі керек.

Сот актісі – сот төрелігін жүзеге асыруда сот шығаратын ресми құжат. Сот актісін жасақтауда негізгі рөл судьяға тиесілі, оның біліміне, тәжірибесіне және мәдениетіне байланысты, себебі  шешім – сот қызметінің басты нәтижесін көрсететін ең соңғы, шешуші құжат. Бүгінде республикадағы үздік сот актілерін іріктеліп, айнаққа жинаққа топтастырылып берілді. Бұл жинақ сот актілерін дайындаудағы судьялардың тәжірибесін кеңейтуге, шеберлігін арттыруға, қателіктің алдын алуға көмектесері даусыз.

Ғалия Абимұрат,

 Алматы қаласы

Әуезов ауданы №2 сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...