12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Атқарушылық жазбаның күшін жоюға байланысты даулар

        Атқарушылық жазба борышкерден өндіріп алушыға тиесілі белгілі бір ақша сомасын өндіріп алу немесе өзге жылжымалы мүлікті талап ету туралы нотариустың өкімін білдіреді. Нотариат туралы заңның 34-бабының 15-1) тармақшасына сәйкес атқарушылық жазба нотариустар жасайтын нотариаттық әрекет түрлерінің бірі болып табылады. АПК-нің 45-тарауында көзделген ерекше іс жүргізу тәртібімен шағымдарды сотта қарау нысанасы атқарушылық жазбаның дұрыс жасалуын не оны жасаудан бас тартудың заңдылығын тексеру болып табылады.

       Ал, Нотариаттық әрекеттің дұрыс жасалмауы деп оның Нотариат туралы заңның және нотариустың қызметін реттейтін өзге де нормативтік актілердің талаптарына сәйкес келмеуін түсінген жөн.

        Мұндай бұзушылықтардың мысалдарына:

       — Нотариат туралы заңның 92-1-бабының 2-тармағында көзделмеген талап ету бойынша;

      — орындау мерзімі басталмаған жазбаша мәмілеге негізделген міндеттеме бойынша;

      —  өндіріп алушы Ережеде көзделген талаптың даусыздығын растайтын құжаттарды ұсынбай;

       — атқарушылық жазбаны жасау күніне талап қоюдың ескіру мерзімі өткен кезде атқарушылық жазбаны жасау жатады.

       — Атқарушылық жазбаны жасаудан заңсыз бас тарту деп Нотариат туралы заңда көзделмеген негіз бойынша бас тартуды түсіну керек.

       Егер атқарушылық жазба жасалған кезде өндіріп алушы мен борышкердің арасында сот дауы болса, сот мәмілені жарамсыз деп таныса, борышкер борышты ішінара немесе толық өтесе не құқық туралы даудың бар екенін куәландыратын өзге де мән-жайлар болса, мұндай дау талап қою ісін жүргізуде қаралуы тиіс. Қарау нысанасы борышкердің өндіріп алушыға атқарушылық жазбаны толық не бір бөлігінде орындауға жатпайтынын тану туралы талабы болады. Бұл жағдайда нотариус даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға ретінде іске қатысуға тартылуы мүмкін.   Ал, егер талап қою ісін жүргізуде атқарушылық жазба құқықтарын, мүдделерін бұзады не қандай да бір міндет заңсыз жүктеледі деп пайымдайтын өзге адамдардың талаптары қаралуға тиіс.

        Борышкер атқарушылық жазбаның көшірмесін алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде атқарушылық жазбаны жасаған нотариусқа мәлімделген талапқа қарсылықтарын хабарламамен жазбаша түрде жіберуге құқылы. Соттар борышкердiң атқарушылық жазбаға қарсылық бiлдiру мерзiмiн атқарушылық жазбаны орындауға сотқа шағым беру мерзiмiнен, оның iшiнде оларды есептеудiң әртүрлі тәртiбiнен ажыратуы қажет.

      Өндіріп алушы мәлімдеген талаппен келіспеу себептері бар борышкердің қарсылығы заңда белгіленген мерзімде келіп түскен кезде нотариус қарсылықты алған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы шығарады. Егер борышкердің қарсылығында өндіріп алушы мәлімдеген талаппен келіспеу себептері көрсетілмесе немесе ол мерзімді бұза отырып берілсе, нотариус Нотариат туралы заңның 92-6-бабының 3-тармағында көзделген талаптардың сақталмауына және борышкердің қарсылық беру мерзімін қалпына келтіруге нотариустың өкілеттіктері болмауына байланысты атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тартады.

       Бұл ретте атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тарту туралы қаулы шығарылмайды, нотариус қабылданған шешім туралы борышкерге хатпен хабарлайды, онда қабылданған шешімнің себептерін көрсетіп, борышкерге атқарушылық жазбаға сотта дау айту құқығын шағым беру немесе талап қою мерзімін көрсете отырып түсіндіреді.

      Нотариат туралы заңның 92-8-бабының 2-тармағына сәйкес атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулы дау айтуға жатпайды. Демек нотариустың атқарушылық жазбаның күшін жоюдан бас тарту жөніндегі әрекетіне, сондай-ақ нотариустың атқарушылық жазбаның күшін жою туралы қаулысына шағымды АПК-нің 151-бабы бірінші бөлігінің 1) тармақшасына сілтеме жасай отырып, қабылдаудан бас тарту керек. Мұндай шағым бойынша қозғалған іс бойынша іс жүргізу АПК-нің 277-бабының 1) тармақшасына сілтеме жасалып, оның ішінде істі сот талқылауына дайындау сатысында тоқтатылуға жатады.

         Нотариаттық әрекетке не оны жасаудан бас тартуға шағымды қарау ерекше іс жүргізу тәртібімен қаралуға жатады, осыған байланысты татуластыру рәсімдерін қолдана отырып, дауды реттеуге жол берілмейді. Егер іс талап қою ісін жүргізу тәртібімен қаралса (құқық туралы дау) татуласу келісім, дауды медиация немесе партисипативтік рәсім тәртібімен реттеу туралы келісім жасасу арқылы тараптар татуласуы мүмкін.

                                                     Қызылорда қалалық сотының судьясы

                                                                 Нұрлан Төлеш Жұмабекұлы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...