2017 жылы «Қазақстан Республикасында мереке күндер тізбесін бекіту туралы» үкіметтің қаулысына сәйкес, қыркүйектің 5-і Қазақстан халқы тілдерінің күні болып бекітілген. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте атап өтілетін. Бұл өзгерістің басты себебі — «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы — тіл» деген ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тілі үшін күрескен, Ұлт ұстазы атанған Ахмет Байтұрсынұлының туған күнімен байланысты. Осылайша 2017 жылдан бастап Тілдер күні мерекесін атап өту күні өзгертіліп, көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орайластырды. Биыл жетінші жыл қатарынан Қазақстан халқы тілдері күнін 5 қыркүйекте атап өтеді. Бұған дейін Тілдер мерекесі 22 қыркүйекте тойланатын.
Тіл – халықтың баға жетпес байлығы, ол ұлттардың бірігуі мен тату болуына ықпал етеді. Ана тіліміз – тәрбие құралы және адамдардың тілдік қарым-қатынасын байланыстыратын болмыс өзегі. Тілдер күні – Қазақстанның азаматтар достығының, туыстық пен бірлігінің белгісі, ал халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтымақтастық – мемлекет құрылысының басты тірегі. Қазақстан халқының Тілдер күні еліміздің азаматтары үшін өте маңызды, өйткені ҚР аумағында тұратын әрбір этностың мәдени әртүрлілігін, өзіндік ерекшелігін көруге мүмкіндік береді. Әр халықтың ана тілі – оның игілігі мен құндылығы. Тіл – халықтың рухани мұрасы, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін асыл қазынасы.
Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Қазақстанда 100-ден асатын ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Елімізде оннан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді. Қазақстанда 100-ден астам ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. 10-нан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді.
Мемлекет тарапынан қазақ тілін дамытуға, оның қолданыс аясын кеңейтуге жағдай жасалып жатыр. Қазақ тілін үйреніп жүрген, қызығушылық танытатын азаматтардың саны да жылдан жылға көбейіп келеді, олардың арасында өзге ұлт өкілдері де баршылық.
Үкімет қаулысымен Қазақстан Республикасында тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның мақсаты – қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, латын графикалы әліпби негізінде қазақ тілін жаңғыртуға, тіл мәдениетін одан әрі арттыруға және тілдік капиталды дамытуға бағытталған үйлесімді тіл саясатын жүргізу. Қазақстан халқы тілдері күні мемлекеттік немесе ұлттық мереке емес. Кәсіби және өзге де мерекелер тізіміне кіреді. Сол себепті қазақстандықтар 5 қыркүйек күні демалмайды. Дегенмен бұл атаулы күннің халық үшін маңызы зор!
Б.Т. Туртбаева, Ұлытау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот әкімшісінің басшысы