ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ НҰРЛЫ

Бұл нәтижеге Ақмола полицейлері мен басқа да мүдделі ведомстволар табанды әрі үйлесімді еңбек сіңірді. Ақмола облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Разия Курсанова бізге осы жайды тарқата әңгімелеп берді.

Ортақ күш – оң нәтиже

– Мемлекет басшысы жыл сайын өзінің Қазақстан халқына жолдауында нашақорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша профилактикалық компонентті күшейту арқылы сұранысты азайтуға маңызды рөл беріліп отыр. Ақмола облысының полиция департаменті облыста есірткіге қарсы насихатты күшейту және қоғамның қарсы иммунитетін көтеру мақсатында нашақорлыққа және есірткі құқық бұзушылықтарға қарсы күреске бағытталған іс-шаралардың іске асырылу барысын ақпараттық қамтамасыз ету бойынша кең ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Нашақорлықтың алдын алуға тиімді жұмыс жасау мақсатында облыстың барлық аумақтық бөлімшелері ауданның бірінші басшыларынан бастап сыртқы қызметтегі өзге мамандар да толықтай тартылды. Жасөспірімдер мен жастардың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыру үшін әртүрлі құралдарды қолдана отырып, біз оларды жүзеге асырудың түрлі формалары бар іс-шаралар кешенін қолданамыз (дәрістер, әңгімелер, конкурстар, бұқаралық-спорттық және ойын-сауық іс-шаралары). Ағымдағы жылдың есепті кезеңінде полиция көптеген профилактикалық шаралар өткізді, онда 22 мыңға жуық жасөспірімдер қамтылды. Бекітілген кестеге сәйкес денсаулық сақтау мамандарымен бірлесіп, полиция департаменті дайындаған бейнероликтерді көрсете отырып, есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары бойынша колледж студенттері мен оқушыларына дәрістер ұйымдастырды. Білім беру ұйымдарының мұғалімдері мен педагогтарына арналған семинарлар өткізу, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен кездесулер ұйымдастыру бойынша білім бөлімдерінің бастамасымен өзара ынтымақтасып жұмыс жүргізілуде,– деп хабарлады Разия Курсанова.

Театр – жандауа

Мәселен, полиция қызметкерлері мүдделі ведомстволармен (білім беру, денсаулық сақтау) бірлесіп, жыл басынан бастап облыстың 8 өңірін (Бурабай, Бұланды, Зеренді, Сандықтау, Жарқайың, Есіл, Целиноград аудандарын және Қосшы қаласын қамтыды. Үкіметтік емес ұйымдармен және еріктілермен бірлесіп жүргізілетін профилактикалық жұмыс деңгейінің сапалы артуын атап өтуге болады. Мысалы, «Зерделі ұрпақ» ҚҚ нашақорлықтың алдын алу бойынша ІІБ жобасын іске асыру шеңберінде нашақорлықтың алдын алудың жаңа әдістерінің бірі театрландырылған қойылым. Онда оқушылардың өздері қатысатын театр қойылымы арқылы есірткіге байланысты проблемалар көрсетіледі. Профилактиканың бұл түрі толығымен сақталады және жастармен кездесулерде қолданылады. Оған қоса, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділерімен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды, үкіметтік емес еріктілермен бірлесіп есірткі жарнамасын жою бойынша 15 рейдтік іс-шара өткізілді, 200-ден астам жазба жойылды. Жазғы демалыс қарсаңында тәртіп сақшылары мүдделі органдармен бірлесіп 7-11 сынып оқушыларымен, сондай-ақ құқықтық сауаттылық және есірткі орталығына қатысуға жол бермеу бойынша студенттермен кездесулер өткізді. Осы жылдың 26 мамырынан 26 маусымына дейін Ақмола облысының аумағында жасөспірімдердің ерекшеліктері мен мүдделерін ескере отырып, әртүрлі жас топтарына бағытталған 122 профилактикалық іс-шара өткізілді (14 акция, 3 семинар, 38 дәріс және 15 кездесу, 3 дөңгелек үстел, 17 мәдени-спорттық іс-шара, 6 конкурс және т.б.). 18 маусымында білім беру, денсаулық сақтау және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Көкшетау қаласының студенттері үшін «барлығын өз көзіңмен көр» акциясын ұйымдастырды, оның аясында жасөспірімдер облыстық психикалық денсаулық орталығына барып, директорымен әңгімелесті, психолог өткізген тренингке қатысты, оңалтушылармен әңгімелесті. Патриоттық сананы қалыптастыру, спорттық іс-шараларды насихаттау және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында полиция департаменті мүдделі ведомстволармен бірлесіп «Сенің таңдауың» ұранымен кикбоксингтен ҚР чемпионаты сияқты бірқатар спорттық және мәдени іс-шаралар өткізді.

«Күшті отбасы есірткіден алыс»

Қазақстанның Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының Батыры Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған қазақша күрестен республикалық және облыстық турнир, «Біз есірткісіз болашақ үшін» дзюдодан облыстық чемпионат, жасөспірімдер арасындағы футзалдан облыстық турнир, балалар мен жасөспірімдер арасындағы асық атудан облыстық турнир полиция бастауымен өткізіліп келеді. Өңірдегі мәдени-спорттық іс-шаралар өмірлік қиын жағдайға тап болған балаларға назар аударды. Көкшетау қаласының саябағында оларға арнайы демалыс ұйымдастырылды. Жергілікті кәсіпкерлер осы санаттағы балаларға арналған осындай іс-шараларды өткізуде қайырымдылық көмек пен қолдау көрсетуге ниет білдірді. Жазғы сауықтыру лагерьлеріне барған барлық балалар профилактикалық жұмыстармен қамтылды. Облыс аумағындағы лагерьлерге келген балалардың жалпы саны 2250. Мысалы, 12 маусымда Ақмола облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы Сандықтау ауданы Балкашино кентіндегі балалар сауықтыру лагеріне барды. Балалар мен олардың ата-аналары үшін тыйым салынған заттарды қолданудың зиянды әсері мен салдары туралы театрландырылған қойылымдар көрсетілді. Отбасылық құндылықтарды нығайту үшін 25 маусымда 8 отбасы қатысқан «Күшті отбасы – есірткіден алыс» отбасылық старттары өткізілді. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Есірткіге қарсы айлық аясында шығармашыл жастарға бағытталған конкурстар өткізілді. Мысалы, Көкшетау қаласының оқушылары, студенттері мен белсенді жастары арасында «Есірткіге жоқ деп айтудың 100 себебі» тақырыбында пікірталастар өткізілді, Степногорск қаласында бейнероликтер конкурсы, есірткіге қарсы тақырыптағы компьютерлік графика мен анимацияның облыстық конкурстары, жеңімпаздардың роликтері ресми интернет беттерде орналастырылды. Сонымен қатар, облыстық полиция департаменті тапсырысы бойынша жасөспірімдер мен жастар арасында jeti QAZYNA зияткерлік ойындары өткізілді, әр ойын 70-100 қатысушыны қамтыды, бұл облыс тұрғындары үшін жаңа қызықты ойын-сауық болды. Жеңімпаздар марапатталды.

«Салауатты әдеттер марафоны»

Денсаулық сақтау ұйымында оңалтудағы есірткіге тәуелділер де назар дан тыс қалмады. Мәселен, ағымдағы жылдың 18 маусымында есірткі және алкогольге тәуелді адамдарға арналған орталықтың реабилитанттары арасында «Салауатты әдеттер марафоны» ұранымен жарыстар өткізілді. Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күнін мерекелеу қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының Достық Үйінің алаңында «Жастар есірткіге қарсы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, оған мүдделі мемлекеттік органдардың мамандары, Аналар кеңесінің, үкіметтік емес сектордың және жұртшылық өкілдері қатысты. Қорытынды акция ағымдағы жылдың 26 маусымында Көкшетау қаласының орталығында «Тәуелсіздік» алаңында өткізілді, оған жергілікті атқарушы органдар, полиция департаменті, үкіметтік емес ұйымдар мен жұртшылыққа қатысты. Акция бағдарламасына Ақмола облысы полиция департаментінің Кинологиялық орталығының іздестіру иттері бар арнайы жедел жасағының және кинологтардың көрсетілімдік қойылымдары ұсынылды. Акцияның аяқталуы концерттік бағдарламамен, конкурстармен, викториналармен, сыйлықтармен жалғасты. Акцияға барлығы 1500-ге жуық адам қатысты. 2024 жылғы 30 мамырда прокуратура, полиция департаменті, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы және логистикалық компаниялар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтіп, өзара іс-қимыл және жеке меморандумдарға қол қою мәселелері талқыланды. 2024 жылдың 6 маусымында «Аманат» облыстық филиалының базасында Көкшетау қаласының жастарына арналған зияткерлік ойын өтті. Ойынға 45 студент қатысты. Құрылыс-технологиялық колледжінің базасында «Нашақор болмаудың 100 себебі» тақырыбында облыстық пікірталас ұйымдастырылды. Жалпы саны 40 адамнан тұратын командалар қатысты. Оған қоса, білім беру ұйымдарымен бірлесіп, кәсіпкерлік сектордың қолдауымен халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан балаларға демалыс базасына салауатты өмір салтын насихаттайтын акция ұйымдастырылды, онда олармен мәдени ойын-сауық іс-шаралары (мото және автокөлікпен жүру, эстафета, балмұздақ, су және сыйлықтар тарату) өткізілді. Ақмола облысының полиция департаментінің есірткі қылмысына қарсы іс қимыл басқармасы өңірде нашақорлыққа қарсы бірқатар игі істерді жалғастырмақ.

Бақыт ЖҰМАБАЙ

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...

Акция «Абайға құрмет»

СТАРТ СТРОИТЕЛЬСТВУ НОВОГО ФИЗКУЛЬТУРНООЗДОРОВИТЕЛЬНОГО КОМПЛЕКСА – ЗАКЛАДКА ФУНДАМЕНТА –...

Заложена «капсула времени»

2026 ГОД ДЛЯ АЛМАТИНСКОЙ АКАДЕМИИ МВД РК ИМЕНИ МАКАНА...

Дан старт развитию киберволонтерства 

Торжественное открытие новой инициативы состоялось в Уральске на базе...