Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы агентікке медициналық ұйым тарапынан әкімшілік кедергілерге ұшыраған жеке кәсіпкер жүгінді. Кәсіпкер медициналық жабдықты сатып алу жөніндегі тендерге қатысу үшін өтінім берген екен, алайда Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасы атынан тапсырыс беруші қызметін ұсынушыны конкурсқа жібермеген. Агенттік проблемалық мәселені зерделеу кезінде ішкі мемлекеттік аудит департаментімен бірлесіп тендер нәтижелеріне әсер ететін заң бұзушылықтар анықталды. Нәтижесінде кәсіпкердің тендерге қатысуға өтінімін мақұлдады, ал ұйымның лауазымды тұлғалары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Осыған ұқсас тағы бірқатар жағдайларды айтуға болады, мысалы, Көкшетауда кәсіпкерге қосымша жер учаскесін беруден негізсіз бас тартылған. Азаматтарға құқықтық кеңес беру бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік топқа жергілікті атқарушы орган тарапынан әкімшілік кедергілер жөнінде шағымымен жеке кәсіпкер жүгінген. Кәсіпкер Көкшетау қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміне кірме жолдарды ұйымдастыру және автодромның күзет пунктін орнату үшін қала шегінде қосымша жер учаскесін беру мәселесі бойынша бірнеше рет жүгінген. Алайда, мемлекеттік орган өтініш берушінің бұрын жіберген барлық өтініштеріне түрлі уәждермен бас тартып келген. Өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаментімен бірлесіп осы мәселеге қатысты қажетті материалдарды зерделеді. Нәтижесінде қосымша жер учаскесін беруден бас тартудың негізсіз екендігі анықталды. Көкшетау қаласы әкімдігінің қаулысы негізінде кәсіпкерге бөлінбейтін қосымша учаскеге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілді. Департамент азаматтарға көмек көрсетумен қатар өңірдегі автожолдар құрылысының сапасын бақылауды қадағалайды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті Ақмола облысы бойынша жол құрылысы саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау жүргізу шеңберінде жол құрылысы сапасының барысына ашық бақылауды қамтамасыз ету үшін мониторингтік жұмыс тобы құрылды. Мониторинг жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы, «ҚазАвтоЖол» филиалдары, жол активтері сапасының ұлттық орталығы өкілдерінің, жұртшылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілердің қатысуымен бірлесіп жүргізіледі. Бүгінде өңірде республикалық және облыстық маңызы бар 5 автомобиль жолын жөндеу құрылысы барысы талдануда. Осы жылдың 24 маусымы мен 31 шілдесі аралығында мониторингтік топтың мердігерлік ұйымның, авторлық және техникалық қадағалаудың қатысуымен Бурабай ауданындағы «Щучинск-Николаевка» автожолына күрделі жөндеу жүргізу, «Астана-Қорғалжын», «Жақсы-Державинск» және «Көкшетау» автожолдарына орташа жөндеу жүргізу кезінде бірқатар бұзушылықтар анықталды. Сондай-ақ Бұланды ауданы Вознесенка ауылындағы автожолда көпір салу жіті бақылануда. Жолдан және резервтік жол ролигінен су бұру жүйесінің жоқтығы, бетон тіреуіш пен көпір тірегінің ақаулары, жолдарда шұңқырлардың болуы, жұмыс жүргізу журналдарының болмауы анықталды. Белгіленген сәйкессіздіктер жол құрылысының сапасына әсер етуі мүмкін. Анықталған кемшіліктер бойынша актілер жасалды және мердігерлер ескертулерді осы жылдың тамыз айының соңына дейін жою жөнінде ұсынымдар әзірленді. Енгізілген ескертулердің орындалуы өңірдің сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мен жұртшылығының ерекше бақылауында. Айта кетейік, мониторингтік топтың сапарлары олардың құрылысы мен реконструкциясы толық аяқталғанға дейін ай сайын өткізілетін болады. Сондай-ақ, Ақмола облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті Көкшетау қаласының қоғамдық кеңесімен, қалалық прокуратурамен және мемлекеттік органдармен бірлесіп өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын іске асыру шеңберінде сумен жабдықтау жүйесінің жұмыс сапасына кезекті көшпелі мониторинг жүргізді. Мониторинг барысында Көкшетау қаласының су құбырын тазарту құрылыстары мен Шаған су қоймасына барды. Қазіргі уақытта мердігерлік ұйым құрылыс жұмыстарын жүргізуде, оларды осы жылдың соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Айта кетейік, халықты сапалы сумен жабдықтау, оның ішінде су тазарту құрылыстарын уақытылы салу мәселелері тұрақты бақылауда және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің бастамасы бойынша Қоғамдық кеңес пен облыс әкімдігінің алаңдарында қаралды. Оған қоса, мекеменің нәтижелі жұмысының арқасында Ақмола облысында 300-ге жуық азамат тегін құқықтық кеңес алды. Ақмола облысында «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Акция құқықтық сауаттылықты арттыруға және азаматтарға, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарына тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған. Акция барысында өңір тұрғындары мен қонақтары 250-ден астам адвокаттардан, заң кеңесшілерінен, нотариустардан, сот орындаушыларынан және мемлекеттік органдардың басшыларынан тегін құқықтық көмек пен кеңес алды. Тұрғындардан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік заңнама, жер, Еңбек және әлеуметтік қатынастар, ТКШ, құрылыс және басқа да мәселелер бойынша барлығы 300-ге жуық өтініш келіп түсті. «Бүгін мен өз сұрағымды білікті заңгерге жібердім және қажетті көмек алдым. Акция адамдар үшін өте құнды деп санаймын, өйткені көбісі қандай да бір жағдайларда қайда жүгінуге болатынын білмейді, ал мұнда құқықтық сарапшылар мен мемлекеттік органдардың басшылығына тегін қол жеткізу мүмкіндігі бар», – деп Көкшетау тұрғыны өз әсерімен бөлісті. Акция барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Жақиялин атап өткендей, «Халық заңгері» жыл сайын табысты өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде акция халық арасында өзінің сұранысын көрсетті. Өйткені, азаматтарға кабинеттерге жүгірудің қажеті жоқ, кеңесті бірден бірнеше маманнан алуға болады. Жалпы, акция заңдылықты сақтау, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу сөзсіз басымдыққа айналуы тиіс құқықтық демократиялық мемлекеттің дамуына жәрдемдесуге арналған. Акция бір мезгілде еліміздің барлық ірі қалалары мен негізгі елді мекендерінде өтті. Ақмола өңірінде облыс орталығынан басқа, акцияға қалалар мен аудандар да қосылды. Айта кетейік, енді мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ өңір тұрғындары үшін көшпелі тегін заңгерлік кеңестер өткізеді. Азаматтар білікті адвокаттардан, заң кеңесі, нотариустардан, жеке сот орындаушыларынан, сондай-ақ мемлекеттік органдардың басшылығынан жер қатынастары, құрылыс, ТКШ және автожолдар, табиғи сипаттағы ТЖ салдарынан зардап шеккендерге келтірілген залалды өтеу мәселелері бойынша құқықтық көмекті тегін ала алады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасы аясында мобильді сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ облыстың басқа өңірлерінің тұрғындарына құқықтық көмек көрсетуді жоспарлап отыр.
Бақыт ЖҰМАБАЙ


