БІЛІМ ТЕҢІЗІНДЕГІ 40 ЖЫЛ

Жоғары санатты мұғалім, педагогика және психология бакалавры, Ақмола облыстық қосымша білім беру жүйесін дамыту кеңесінің мүшесі және Ақмола облысы Зеренді ауданы Бәйтерек ауылының негізгі мектебінде математика пәнінің мұғалімі Маржан Байғожина 40 жылға жуық өмірін білім саласына арнады. Осы уақыт ішінде ол білікті де мықты мұғалім ретінде қалыптасып, даму мен өсудің барлық кезеңдерінен өтті. Бүгінгі күнде ол зейнеткерлікке шыққан кезде де сұранысқа ие мұғалім болып сый-құрметке бөленіп отыр.

Маржан Ерғалиқызы еңбек жолын Зеренді ауданындағы мектептердің бірінде 1979 жылы бастаған. Әкесі соғыс ардагері, Ақмола өңірінің Құрметті азаматы Ерғали Ильясов оған мамандық таңдауда үлкен көмек көрсетіпті. Маржан Байғожина қабылдаған шешіміне өкінбейтінін және мұғалімді ең құрметті мамандық деп санайтынын айтты. Сонымен қатар, математиканы дәлдігі мен негізділігі үшін өте жақсы көреді. Мұғалім оқушыларының жетістіктері туралы аса тебіреніп, мақтанышпен айтады: «Менде жаман немесе жақсы оқушы деген түсінік жоқ, әр бала жеке қасиеттерімен және қабілеттерімен тұлға. Менің шәкіртім Панасюра Данил биыл ҰБТ-да математикалық сауаттылық бойынша 10-нан 10 ұпай жинады. Бұған дейін оқушыларымның бірі Берік Тәшенов математикадан республикалық олимпиада да бірінші орынды иеленді. 11 сынып оқушысы Камила Хаметова мектепті «Алтын белгімен» бітіріп, физика-математика факультетіне түсті. Менің педагогикалық тәжірибемде мұндай мысалдар көп, балаларыма алаңдаймын, олардың жетістіктеріне қуанамын. Математика дәл және мызғымас іргелі ғылым. Қазір мен осы саланы таңдағанның арқасында зейнеткерлік жаста болсам да сұранысқа ие маманмын. Осыған шүкіршілік жасаймын», – деді Маржан Ерғалиқызы. Маржан Байғожина Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің кәсіптік-практикалық қызмет және жұмысқа орналастыру бөлімінің басшысы болып жұмыс істегеннен кейін, білім беру саласына кеп үлкен тәжірибе жинақтады, оған қоса, жоғарыда аталған Университет жанындағы лицейдің директоры болды. Зеренді балалар шығармашылығы үйінің басшысы қызметін де атқарды, математика пәні бойынша олимпиадаға дайындайтын топ үйірмесінің жетекшісі болды. Көкше Академиясының математика кафедрасының аға оқытушысы және оқу процесін ұйымдастыру департаментінің директоры лауазымдарында отырды. «Менің ойымша, әр оқушыға ерекше назар аударып, тілін таба білу керек, қазіргі интернеттен барлық ақпаратты алатын заманда ол қиын мәселе. Сондықтан мұғалімдерге үлкен ізденіс қажет, мәселен, мен әр балаға білім беру бағдарламаларын әзірлеймін, олардың әрқайсысының талантын ашуға мүмкіндік беру, тіпті егер бұл қабілеттер сіз үйрететін пәнмен байланысты болмаса да балаға еркін шығармашылық керек», – дейді тәжірибелі ұстаз. Мемлекет өңірлерде білім беру саласын дамытуға зор қолдау көрсетіп келеді. Бүгінгі таңда Бәйтерек ауылының негізгі мектебінің жобалық қуаты 320 орынды құрайды, оқыту екі тілде мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мектеп жалпы білім беру мәртебесіне ие. Ұстаз мектептің айнасы, жүрегі. Ал осы салмақты сезінетін Маржандай білікті ұстаздар, еңбегінен ләззат алатын, баланы жанындай сүйіп, оны білімге ұмтылдыратын аяулы еңбек адамдары аз. Маржан апай секілді ұстаз еңбегін көрсетіп, жастарға үлгі қыла алсақ, біліктілік жолын өнеге етіп ұлағаттылыққа баули алсақ жастар да нәтижелі еңбекке ұмтылады. 40 жыл ұстаз үшін оңай белес емес. Онда қаншама еңбек пен ізденіс, қажыр қайрат жатыр. Ендеше, білім көкжиегінде кәсібіне адал Маржандай ұстаздар көбейсін.

Бақыт ЖҰМАБАЙ

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...