ЖАЗАЛЫ ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА БІЛІМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ ЖИЫН ӨТТІ

Алматы қаласы ҚАЖ департаментінің №11 мекемесіндегі №3 жалпы білім беретін мектепте 1 қыркүйек – Білім күні аталып өтіп, жазалы оқушылар үшін күміс қоңырау соғылды.
«Біздің мектепте жалпы орта білімі жоқ сотталған балалар білім алады. 2024-2025 оқу жылына аталған мектепте мемлекеттік және орыс тілінде оқытатын жеті сынып жабдықталып, оған 49 оқушы тартылды. Алматы қаласы Білім басқармасы бекіткен оқу жоспарымен жұмыс жасайтын мектеп барлық оқу құралдарымен және оқулықтармен толық қамтамасыз етілген. Мектеп №11 мекеме аумағында орналасқандықтан оқу жоспары оның жұмыс ерекшеліктерін ескере отырып жасалған»-дейді мектеп директорының орынбасары А.Алиева.
Білім күнінде оқушылар ұстаздық қызметіне 30 жыл толған ұстаз Людмила Васильевна Алмазованы құттықтап, ұстаздарына деген ақ тілектерін жеткізді.
Сотталған балалар іс-шара кезінде Ана мен Отан туралы өлеңдер оқып, өз өнерлерін де көрсетті.
Қашан да мәлім маған, ана сырың,
Өзің ғой қуанышым, жанашырым.
Атына ана деген тең көрмеймін,
Жаһанның жиып берсе бар асылын – деген өлең шумақтарын оқыған балалар жиналғандарды ереше бір сезімге бөледі.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...