Қызметті алушылардың құқықтарын қалпына келтіру басым бағыттардың бірі болып табылады

           ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.

           Жоғарыдағы көрсетілген міндетті орындау мақсатында және мемлекеттік қызмет алушы Б. азаматынан түскен шағымы негізінде, аталған шағымды жан-жақты, объективті және толық қарау мақсатында Алматы қаласы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасында «Сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосуға арналған техникалық шарттарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мерзімдерінің сақталуы бойынша тексеріс жүргізілді.

           Жүргізілген тексеру нәтижесінің қорытындысы бойынша мемлекеттік қызмет беруші, яғни Алматы қаласының жоспарлау және урбанистика басқармасымен мемлекеттік қызмет көрсету барысында негізсіз бас тарту және қарау мерзімінің бұзылуы фактісі расталып, қызмет алушының құқықтарын қалпына келтіру және орын алған заңбұзушылықтарды жою туралы  ұсыным енгізілді.

           Сонымен қатар, Алматы қаласының Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасы басшысының орынбасары ҚР ӘҚБтК-нің 465-бабының талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

           Қазіргі таңда, қызмет алушы сәулет-жоспарлау тапсырмасын және инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға техникалық шарттарын алу жолымен құқықтары толық көлемде қалпына келтірілді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің

Алматы қаласы бойынша департаментінің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының

бас маманы

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...