«Әйелдер – отбасы тірегі,яғни-мемлекет тірегі. Біздің еліміздің болашағы біздің бүгінгі баланы тәрбиелеуімізге тікелей байланысты» деп Елбасымыз айтқандай, бір қолмен әлемді тербеткен аналарымызсыз қоғамды елестету мүмкін емес. Бүгінде әйелдер саясатта, бизнесте, экономиканың барлық салаларында ер азаматтармен қатар еңбектеніп, қабілет дарынымен, іскерлігімен көзге түсіп қана қоймай, мемлекетіміздің өсіп – өркендеуіне өз үлестерін қосуда. Халықаралық аренада әйелдердің саяси көсбасшылығы уақыт өткен сайын айқындалып келеді. Қоғам мен мемлекет тарапынан да нәзік жандылардың іскерлік белсенділіктері мен саяси ықпалдастықтарына деген сенім жоғары деңгейде көрініс табуда. Қазақстанда гендерлік саясат жүргізу жөніндегі жұмысты Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері мен отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия үйлестіреді. Оның негізгі міндеті отбасына, әйелдер мен ерлердің теңдігіне қатысты кешенді мемлекеттік саясатты іске асыру болып табылады. Айта кету керек, әйелдер қай салада қызмет етпесін, өз беделдерімен қатар, сол сала жауапкершілігін де арттырып, жұртшылық қызметіне бөленуде. Әрбір жұмыстың қиыншылығы мен қызықшылығы, жетістігі мен жемісі болады. Жақсы іс әріден бастау алады. Атап айтқанда, тұңғыш рет Қазақсатн Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы қараша айындағы Жарлығымен осы отбасы және әйелдер істері жөніндегі Ұлттық комиссия дүниеге келді. Әйелдер қолы тимеген сала жоқ десек артық айтқандық емес. Мемлекет қайраткері, батыр, ел басқарушысы болған көрнекті әйел тұлғалардың есімдері өздерімізге мәлім. Жалпы әйел заты қазақ мемлекеті үшін қашанда ардақты саналған. Еліміздің де тең жартысы әйел қауымынан тұрады. Бүгінгі таңда әйелдер ошақ басындағы қазанның құлағында емес, денсаулық сақтау, ағартушылық жүйенің, мемлекеттік қызметтің, сондай – ақ, бизнестің де құлағын ұстағанына қарамастан отбасының жарасымдылығына көп үлес қосып отырғаны жасырын емес.
Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының
бас маман-сот отырысының хатшысы
Байжанова Айгерим Акжигиткызы