Мемлекеттік тілдің қазіргі таңдағы мәртебесі

Қазіргі таңда елімізде мемлекеттік тілдің пайдаланысын арттыру, кеңейту мемлекеттік дәрежедегі аса маңызды мәселеге айналып отыр. Өйткені қазақ тілінің мемлекеттік тілмәртебесіне ие болғанына 30 жылдан астам уақыт өтсе де тиісті және қажетті деңгейде емес десе болады.

Мен өз елімнің, тілімнің патриотымын. Сондықтан да болар, қазақ тілі — әлемдегі тілдердің ішіндегі ең бай, әдемі тілдердің бірі деген сенімдемін.

Жалпы,әр адамның отанға, жеріне деген патриоттық сезімін, азаматтық қасиетін оның өз Ана тілін қандай деңгейде білуіне, тілге деген құрметіне қарап тануға болады деп есептеймін, яғни тілін қаншалықты құрметтесе патриоттық сезімі де сол деңгейде деген сөз.

Қазіргі таңда сот саласында мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру мәселесі ең басты мәселелердің біріне айналып, қатаң бақылауға алынып отырған жөні бар. Мысалы, сот өз тарапынан басқа мемлекеттік органдармен өзара хат алмасуын тек мемлекеттік тілінде жүргізеді, сот саласындағы құжат айналымы бойынша мемлекеттік тіліндегі үлесін анықтау мақсатында кіріс, шығыс, ішкі құжаттар бойынша соттармен мониторинг пен талдаулар ай сайын жасалынып, есеп беріледі.

Статистикаға сәйкес, сотқа ресми тілінде келіп түсетін кіріс құжаттар көбінесе азаматтық істер бойынша арыздар, талап арыздар, іске қатысты құжаттар болып табылады. Оның басты себебі – адвокаттардың көмегіне жүгінген азаматтарға сотқа өткізу үшін арыздар мен талап арыздардың ресми тілінде әзірлеп, дайындап беруі. Бұл, әрине, дұрыс емес.

Қазақ тілі — Қазақстан мемлекеттілігін айқындайтын факторлардың бірі және Конституциялық-құқықтық мәртебесінің элементі болып табылады. Әр елдің, мемлекеттің өзіндік ана тілі, заңмен көзделген, айқындалған мемлекеттік тілі бекітіледі, ал тілсіз мемлекет болмайтыны анық. Мемлекеттік тілдің пайдаланысын азайтуға еш мүмкіншілік берілмеу қажет. Тіпті ақын, жазушы Р.Ғамзатовтың өзі – «Ертең менің тілім өлсе, мен бүгін өлуге дайынмын» деген. Қандай керемет айтылған дана сөз.

Айта келе, әлемдегі барлық өркениетті, дамыған елдердегідей еліміздің мемлекеттік және мемлекеттік емес органдарда қызмет істейтіндердің барлығы мемлекеттік тілді білуге міндетті деп санаймын. Онсыз ол мемлекеттік тіл болып есептелмесі анық.

Қорыта келе, мемлекеттік тілдің тұғыры мен мәртебесін көтеру өз қолымызда екенін ұмытпаған жөн. Әсіресе, тілге деген шынайы жанашырлар мен патриоттары көп болса, қазақ тілінің болашағы зор екендігіне еш күмәнім жоқ. Сондықтан да өз тілімізді сүйейік, құрметтейік, бағалайық демекпін.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман сот отырысының хатшысы Бахтияр Мамыр

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...