12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Реформалар нәтижесін беруде

Егеменді ел болғалы сот жүйесінде  жүзеге асырылып жатқан  реформалар сала жұмысының жандануына тың серпін берді. Солардың бастысы ретінде ҚР  Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылдануын атауға болады. Бұл заңдағы халық пен мемлекеттік билік органдарының арасында орын алатын жария құқықтық дауларды реттеу нормалары халық мүддесін көздейді. Әрі осы кодекспен айқындалған соттардың белсенді рөлі қағидатының негізінде азаматтардың құқықтарын қорғауға басымдық беріледі.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс – қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Қоғамның соттарға деген сенімін орнықтыру  басымдығы бар мақсатқа айналуы керек. Бұған мемлекет пен судьялар корпусының өз күштерін жұмылдыруы арқасында ғана қол жеткізуге болады», — деп, атап көрсетті. Қазіргі таңда сот кабинеттерін заманауи талаптарға сай жабдықталған. «Сот жүйесінің жеті түйіні» бағдарламасының аясында енгізілген  жобалар озық тәжірибелерге негізделген.

Жалпы, жүйедегі реформалар халықтың соттарға деген сенімін арттыруға бағытталған. Жүйеге енгізілген заманауи технологиялар сот төрелігін қолжетімді етті. Электронды құжат айналымы азаматтардың сотқа қашықтықтан жүгінуіне жағдай жасады. Сала жұмысындағы тағы бір оңтайлы өзгерісті цифрландырумен байланыстыруға болады. Мәселен, жасанды зерде элементтері сот практикасының ашықтығын арттырып, істердің жедел қаралуына ықпал етсе,  роботтандыру бағдарламасы адами факторды азайтып,  сыбайлас жемқорлықтың жолын кесу мүмкіндігін арттырады.  Сонымен қатар, соттар бүгінде Big data технологиясын қолдануда. Бұлардың қай-қайсысы болмасын жұртшылыққа өте ыңғайлы.

Электронды сервистерді енгізу сот ісін жүргізуді айтарлықтай жеңідетті.  Сондай-ақ,  азаматтардың сот шығындарын азайта отырып сот процесіне жылдам қол жеткізуге септігін тигізді. IT қызметтердің  мақсаты – азаматтар мен соттар арасында тиімді коммуникация құру, іс жүргізу кезінде туындайтын қиындықтарды болдырмау, қоғам тарапынан соттарға деген сенімді арттыру болып табылады.

Судьялар өздері қабылдаған сот актілерін түсіндіреді, бұл өз кезегінде  негізсіз шағымдарды болдырмайды. Жаңартылған заңнамалық база ел тұрғындарының сот төрелігіне көзқарасын оңалтты. Конституциямен айқындалғандай, мемлекет пен қоғамның, сондай-ақ, азаматтардың өзара қарым-қатынасындағы береке-бірлікке билік тармақтарының біріге атқарған іс-қимылының нәтижесінде жетуге болады.  Осы ретте ел соттары мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде жан-жақты дамыған заманауи сот жүйесін қалыптастыра алды деуге толық негіз бар.

Қазақстанның болашаққа бастар бағыты да, мақсаты да айқын. Сот жүйесінде конституциялық реформалар жасалып, көптеген заңдар толықтырылды. Соттардың ең басты міндеті – сот төрелігін уақтылы әрі әділ жүзеге асыру болғандықтан, айтып отырған игі істер осы талап үддесін толықтай қамтамасыз етеді.

Ерлан Токбулатов,

Бостандық аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Интернет алаяқтарынан сақ болыңыз

Алаяқтық дегеніміз- бағзы заманнан бері адамзат баласымен бірге жасап...

Сот төрелігінің үнсіз қаһарманы: Сот отырысының хатшысы

Қоғамда әділдіктің темірқазығы саналатын сот жүйесінің әрбір мүшесі өз...

Талап болса, тіл тұғыры биіктейді

Қазақ тілі – қазақтың жаны, халықтың ең қадірлісі. Тілді...

Эксаумақтық соттылық және оның процестік ерекшелігі

Мемлекет басшысының «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен...

Қазақ тілінің бүгінгі тағдырына біз жауаптымыз

«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан...