Конституция құрдастары!

Еліміздегі айтулы мерекелерінің бірі – Конституция күні. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекетіміздің бүгінгі құрылымын шынайы бейнелейтін, ұлттық мақсатты айқындап берер айғағы іспеттес. Біздің Ата заңымыз – бұл бабалар аманаты.

Screenshot


Конституция – әр адам шыр етіп дүниеге келген күннен бастап, басың құбылаға қарағанға дейін құқығы мен бостандығын сақтайтын баталы заң. Конституцияда айтылғандай, еліміздің ең басты байлығы адам және оның құқығы мен бостандықтары болып табылады. Еліміздің осындай айтулы мерекесінде Атырау облысы бойынша ҚАЖД #79 мекемесінде қызмет атқаратын Конституцияның құрдастары әділет аға лейтенанты Қизатова Эльвира мен әділет сержанты Кайдаргалиев Нурбол тәулік бойы өздеріне сеніп тапсырған қызметті адал жасауға бар күштерін салып келеді. Бұл қызметте еліміздің ертеңі саналатын жастарымыздың қатары да баршылық. Осындай қауіпсіздікті қамтамасыз етіп жүрген мекеме қызметкерлерінің бірегейлері, еліміздің Ата заңымен құрдас.
Конституция құрдастары Эльвира мен Нурболдың айтуынша «Полиция болу үшін білім де, білік те, білек те керек. Ұстамды болып, азаматтармен тіл табыса білу және сыпайы болу басты шарт»,-дейді. «Сонымен қатар, полиция қызметі мансап пен бақ қуғандар үшін ғажайып баспалдақ емес, ол әділдікті жақтайтын, жемқорлыққа қарсы тұру керек»,- деп сөздерін аяқтады.

Ту – бірегейлік пен ынтымақтың жаршысы

Тулар түрлі-түсті маталардың қиындылары ғана емес, олар – ұлттардың...

Экспертное заключение

«ADALDYQ CUP» — эффективный инструмент трансформации государственной службы Качество современного...

Эксперттік қорытынды

«ADALDYQ CUP» — мемлекеттік қызметті трансформациялаудың тиімді құралы Бүгінгі мемлекеттік...

Нет коррупции!

Коррупция остаётся одной из наиболее актуальных проблем современного общества,...

Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кері әсерін тигізіп, азаматтардың...