Сот балаларды анасымен қалдырды

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты азамат Д.-ның азаматша М.-ға кәмелетке толмаған балаға қатысты ата-ана құқықтарын шектеу және баланың тұрғылықты жерін әкесімен бірге деп анықтау туралы талап қоюы бойынша азаматтық істі қарады.

Талаптар анасының ұзақ іссапарлар кезінде баланы тиісті күтімсіз қалдырып, оны тәрбиелеу және күту бойынша ата-аналық міндеттерін орындамауына негізделген.

Сот талқылауы барысында сот куәгерлердің айғақтарын тыңдап, психологтар мен қорғаншылық және қамқоршылық органдары өкілдерінің қорытындыларын талдап, олар баланың анасына қатты эмоционалды байланысының бар екенін растады.

Жауапкердің баланы тәрбиелеу мен күтіп-бағу үшін тиісті жағдайлар жасағаны анықталды. Ата-аналар арасындағы келіспеушілік ата-ана құқығын шектемеуі керек.

Сот шешімімен талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылды, себебі ата-ана құқығын шектеу ол соңғы шара болып табылады.

Сот анасының тарапынан баланың өмірі мен денсаулығына айқын қатер төндіретінін куәландыратын дәлелдер анықтаған жоқ.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Астана қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты

Экстрадициялық қамақты санкциялаудың маңызы зор!

Экстрадициялық қамақты санкциялау — бұл халықаралық құқық саласындағы маңызды...

В рамках административного судопроизводства

Жилищные споры представляют собой конфликты, возникающие по поводу реализации...

Споры в сфере государственных услуг

Основными нормативными правовыми актами в сфере государственных услуг, в...

Гендерлік теңдік – әділетті қоғамның негізі

Гендерлік теңдік мәселесі сөз бола қалса, ойымызға нәзік жанды...

Статья на тему: «Цели и задачи ювенальной юстиции»

Ювенальная юстиция это комплексная система правовых, социальных, педагогических и...