12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қылмыстық процестегі мүліктік мәселелер

Іс жүргізу заңының жалпы қағидаларына қарағанда, қылмыстық процестің негізгі міндеті қылмысқа қарсы күрес болып табылады және болып қала береді, бұл дегеніміз – қылмыстық құқық бұзушылықтардың жолын кесу, оларды бейтараптықпен, тез және толық ашу, тергеп-тексеру, оларды жасаған адамдарды әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту.

Солай дей тұрсақ та, қылмыстық процес кеңістігіне тартылған адамдар үшін сөзсіз материалдық шығыстар, кейде тіпті елеулі шығыстарды тудыратын мүліктік мәселелерін де шешу маңызды сұрақтың бір болып табылады. Сондықтан, аталған мән-жай азаматтық талап қою, сот шығындары мен сот шығындарын бөлу бөлігінде процеске қатысушылардың талабын дұрыс шешу бойынша үкім шығару кезінде соттарға қосымша жауаптылықты жүктейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 167-бабының талаптарына сәйкес азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қойылады.

Өзiнiң дәрменсiз күйіне, күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға тәуелдi болуына немесе өзге де себептер бойынша талап қою және оны қорғау құқығын өз бетiнше пайдалануға қабiлетсіз жәбiрленушiнiң мүдделерін қорғауды жүзеге асыру кезінде прокурор да талап қоя алады.

Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.

Қылмыстық процестегі азаматтық талап қоюдың тағы бір ерекшелігі-азаматтық талап қоюшыны қылмыспен келтірілген залалды өтеу туралы талап қою кезінде мемлекеттік бажды төлеуден босатылады, ал азаматтық талап қоюдың соттылығы қылмыстық істің соттылығымен анықталады және қылмыстық іспен бірге қаралады.

Қылмыстық істе азаматтық талап қоюдың негізділігі қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатқан адамның кінәсінің дәлелденуімен тығыз байланысты. Себебі, шығын тіклей қылмыс нәтижесінде келтірілгендіктен, сотталып жатқан адам кінәлі деп танылған жағдайда талап қанағаттандырылуға жатады.

Азаматтық талап қою өндірісін тоқтатудан және оны қараусыз қалдырудан басқа, сот азаматтық талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына беру туралы шешім қабылдауы мүмкін.

Тәжібрибеде соттар аталған нормаларға қарама-қайшы келе отырып, талап қою талаптарын қараусыз қалдыра отырып, негізсіз шешпеу, оларды талапкердің азаматтық талап қоюды қанағаттандыру құқығын тану және оның мөлшерi туралы мәселенi азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен соттың қарауына негізсіз беру жиі кездеседі.

Бұл қылмыстық істі қарау кезінде қылмыспен келтірілген залалдың мөлшерін әрқашанда нақты анықтау мүмкін болмаған жағдайда орын алады.

Алайда, залалдың мөлшерін дәл белгілеу мүмкін болмағандықтан, оны қарауды азаматтық сот тәртібінда қарауға болмашы себеппен жіберуге жол берілмеуі тиіс, себебі мүліктік қылмыстыр бойынша шығынның тура мөлшерін анықтау, ол қылмыс құрамын дұрыс саралауға тікелей әсері болғандықтан, мүліктік шығын мөлшері қылмыстық істі қарау кезінде дұрыс анықталуы тиіс.

Қылмыстық процестегі және азаматтық сот ісін жүргізудегі азаматтық талап жәбірленушінің азаматтық заңнама нормалары негізінде қылмыс нәтижесінде туындаған мүліктік мәселелерді шешудің түпкілікті мақсатына ие болғанына қарамастан, қылмыстық процестегі азаматтық талап пен азаматтық сот ісін шешудің кейбір айырмашылықтары бар.

ҚПК-нің 170-бабының 6-бөлігінде талап қоюды қараусыз қалдыру негіздерінің шектеулі саны көзделген.

Бұл ретте азаматтық талап қоюды заңда көзделмеген өзге негіздер бойынша қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

Осы жерде, Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде (бұдан әрі-АПК) талап қоюды қараусыз қалдыру негіздері неғұрлым ауқымды, олардың арасында егер талап қоюшы мәлімделген талапты қолдамаса, талап қоюға қол қоюға немесе оны беруге өкілеттігі жоқ адам қол қойса немесе оны берсе, сондай-ақ істі өзінің қатысуынсыз қарауды өтінбеген талап қоюшы екінші шақыру бойынша сотқа келмесе талап қоюды қараусыз қалдыру негіздері қылмыстық процесс үшін қызықты болуы мүмкін.

Ііс жүзінде талапкер сот процестеріне негізсіз келмей қалатын жағдайлар жиі кездеседі, сондай-ақ талапкер талап қоюға қол қоюға немесе оған қол қоюға өкілеттігі жоқ адам қол қойған немесе берген кезде мәлімделген талапты қолдамауы мүмкін жағдайлар орын алатындықтан, ҚПК нормаларына дәл осындай негіздерді енгізу мүмкіндігі талқылануы тиіс.

Сондай-ақ, қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында шеккен шығыстарды өтеу мәселесінде ерекшеліктер бар.

Қылмыстық сот ісін жүргізу тәртібімен іске тартылған тұлғалардың шығыстары бюджет қаражаты есебінен өтелуге жатады және осы шығыстардың тізбесі қылмыстық іс жүргізу заңында көзделген (ҚПК-нің 176-бабының 1-бөлігі).

Сонымен бірге, ҚПК-нің 176-бабының 4-бөлігінде көрсетілген шығыстар осы баптың бiрiншi бөлiгiнде санамаланған тұлғаларды тергеу әрекетіне қатысуға не осы Кодексте көзделген басқа жағдайларда тартқан тараптың есебiнен өтелуi де мүмкiн деген ескертпе бар.

Заңның осы ережелерін талқылай отырып, бұл норма нақты емес, болжамды болғандықтан, оны практикалық қолдану кезінде сұрақтар туғызады деген қорытынды жасауға болады (қандай жағдайларда ол өтеледі, оның шығындары бюджет немесе кінәлі тұлға есебінен қайтарыла ма және т.б.). Ал заңдардың нормаларын қолдану болжамды сипатқа ие болмауы және сұрақтар туғызбауы тиіс. Сондықтан бұл мәселе де талқылауды қажет етеді.

Қылмыстық процесте процестік шығындар деген ұғым бар, ол қылмыстық іс бойынша іс жүргізу кезінде жұмсалған шығындардан кеңірек.

Процестік шығындар тергеу әрекетіне қатысуға тартылған адамдарға (куәгерлерге, жәбірленушілерге және олардың өкілдеріне, сарапшыларға, мамандарға, аудармашыларға, куәгерлерге) олардың еңбегі үшін сыйақы, оларды тартуға байланысты мәжбүрлі емес шығыстар, заттай дәлелдемелерді сақтауға және жөнелтуге жұмсалған сомалар, сараптамалар жүргізу түрінде төленетін шығыстарды қамтиды, адамдарды іздестіруге және әкелуге және т.б.

Сот аудармашыға төленген сомаларды қоспағанда, процестік шығындарды сотталған адамнан өндіріп алуға құқылы. Процестік шығындар жазадан босатылған сотталған адамға да жүктелуі мүмкін.

Егер процестік шығындарды төлеу сотталған адамның асырауындағы адамдардың материалдық жағдайына айтарлықтай әсер ететiн болса, сот сотталған адамды процестік шығындарды төлеуден толық немесе iшiнара босатуға құқылы.

Жоғарыда аталған барлық жағдайлардағы шығыстарда бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын шығыстар (сот шығыстары, іс жүргізу шығындары) туралы айтылады.

Бұл ретте қылмыстық процестік заңында процеске қатысушылардың қорғаушысының және іс жүргізуге қатысатын адамдардың өкілінің еңбегіне олардың өз бетінше ақы төлеу мәселесі реттелмеген. ҚПК-нің 174-бабының 1-бөлігінде ғана бұл шығыстардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізілетіні жалпыланған тәртіппен көрсетілген.

Бұл негізінен өзінің өкілі — адвокаттың заң қызметтері үшін өз ақшасынан жеке төлем жасайтын жәбірленуші туралы болып отыр.

Тәжірибеде жәбірленушінің көрсетілген шығыстары тиісті бухгалтерлік құжаттармен расталған мөлшерде сотталғанның есебінен өндіріледі.

Бұл ретте, Мүліктік талаптар бойынша өкілдің көмегіне ақы төлеу бойынша шығыстардың жалпы сомасы талап қоюдың қанағаттандырылған бөлігінің он пайызынан аспауға тиіс азаматтық процестен айырмашылығы, қылмыстық процесте жәбірленушінің кәсіби адвокаттан заң қызметтерін алуға арналған сот шығыстарының шекті мөлшері айқындалмаған.

Бұл шығыстар ҚПК-нің 22-тарауында көзделген процестік шығындар ұғымымен қамтылмағандықтан және олардың мөлшері ақылға қонымды шектен асып кетуі мүмкін болғандықтан, бұл мәселелерді заңнамалық тұрғыдан реттеу қажет.

Атап айтқанда, жәбірленушінің алған кәсіби заң көмегі үшін шығыстары сотталушыдан өндіріп алынуға тиіс, ал бұл қызметтердің мөлшері ҚПК-ге ақылға қонымды мөлшер ұғымын енгізгеннен кейін заңда белгіленген ақылға қонымды мөлшерден аспауға тиіс деп заңнамалық тұрғыдан бекітілуге жатады.

Сондай-ақ, ҚПК-нің 35-бабы 1-бөлігінің 5-тармағының тәртібімен жеке айыптаушы айыптаудан бас тартқан кезде жеке айыптау бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайдағы сотталушының адвокаттың заң көмегіне сот шығыстарын төлеу мәселесі де өз шешімін талап етеді.

Қолданыстағы ҚПК осы мәселені реттейтін нормаларды қамтымайды.

Логикалық тұрғыдан қарағанда және қылмыстық процестің міндеттері мен принциптеріне сүйене отырып, бұл шығындар өз әрекетімен тұлғаны қылмыстық процеске негізссіз тартқан жеке айыптаушыға жүктелуі тиіс. Сондықтан ҚПК-ні тиісті нормамен толықтыру қажеттігі туындайды.

Акетаев Ардақ Аманжолұлы,

Жамбыл облыстық сотының судьясы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...