ЕҢБЕК НАРЫҒЫНДА БИЗНЕС ИДЕЯЛАРДЫҢ БӘРІ ҚҰНДЫ

Елімізде «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағдарлама индустрияландыру және экономиканы әртараптандыру, сондай-ақ, кәсіпкерлікті дамыту арқылы халықтың табысын арттырып, жұмыспен қамту мақсатын көздейді. Аталған мақсатта барлық өңірде қарқынды шаралар қолға алынып жатыр. Солардың ішінде Ақмола облысын алсақ, осы бағдарлама аясында бір жылдың ішінде 50-ге тарта іс-шараның жоспары жасалған. Аталған жоспарда жастарды жұмыспен қамту мәселесіне басымдық беріліп, аз уақыт ішінде 300-ге жуық адам жұмысқа орналастырылған. Мұны, әрине, жоғары жетістікке санауға болады.

Бұдан бөлек қоғамдық жұмыстарға екі мыңдай адам тартылған. Бұл өңірде орта және жоғары білім алған, сондай-ақ, жұмыс тәжірибесі мен арнайы мамандығы жоқ жастардың практикадан өтіп, жұмысқа тұрақты орналасуына айрықша көңіл бөлінген. Мысалы, облыста 26,6 мыңнан астам жұмыс орны құрылып, 5 мектеп пен 2 қосымша ғимарат, 28 мектепке дейінгі ұйым ашылған. Сонымен қатар, дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, хоккей корттары, спорт алаңдары мен мәдениет нысандары салынған. «Аманат» партиясының бастамасымен қолға алынған «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеке қосалқы шаруашылықтарды көбейту үшін шаруашылықпен айналысатындарға жеңілдетілген несиелер қарастырылған. Бұндай жеңілдіктердің жылдан-жылға ұлғая берері анық. Өңірде жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға қарастырылған гранттардың тең жартысынан көбінің жастарға арналуы жұмысты одан әрі жандандырады. Осы жоба шеңберінде өңірдегі ауыл әкімдерінің білімін жетілдіру қолға алынған. Бұл өз кезегінде әкімдердің өз жұмысын тиімді ұйымдастыруына ықпал етпек. Президенттің азық-түлікпен қамтамасыз ету және халықтың әл-ауқатын арттыру туралы тапсырмаларын орындау үшін ауылдық округ әкімдері мен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатушылар арасында жасалған меморандумдар өз нәтижесін беруде. Ресми мәліметтерге сүйенсек, бір ғана Ақкөл ауданында ішкі туризм мен демалыс саласындағы қызметтер нарығын дамытуға «Aqkol Club Wyndham Residences («SiriusPlus» ЖШС) – халықаралық қонақ үй кешенін ашу үшін 2 млрд теңгеден аса инвестиция салынған. Тағы бір айтып өтерлігі, Ақмола облысы әкімінің тікелей бастамасымен аталған ауданда нан бағасын арзандату мақсатында 3-сортты бидайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, өткен жылдың мамырынан бастап инфляцияны тежеу үшін «ҰК «Азық-түлік корпорациясы» бөлген бидайдан «IMAKTRADE» ЖШС ұнды қайта өңдеп, 1-сұрыпты, яғни, әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға арналған нан пісіруде. Мұндай арзан бағадағы нандар барлық сауда орындарына шығарылады. Сондай-ақ, әр аптада ауыл шаруашылығы өнімдері, атап айтқанда, ет, сүт өнімдері мен көкөністер, жемістер, жем, отын, күнделікті сұранысқа ие тауарлар жәрмеңкесі өткізіледі. Ақмола облысы еліміздің аграрлық өңірі болғандықтан, Ақкөлде Қазақстан мен шетелдік компаниялардың қатысуымен «Қазақстан Дала күні Jańa Dala/Green Day» мамандандырылған көрмесі дәстүрлі түрде өткізіледі. Көрмеде заманауи ауыл шаруашылығы технологиялары, өсімдік және мал шаруашылығының селекциялық жетістіктері, заманауи жоғары өнімді техниканың үлгілері мен ветеринария саласындағы инновациялық әзірлемелер көрсетіледі. Осы ретте көрме ауыл шаруашылығының игілігі үшін еңбек ететін мамандарды біріктіретін мерекеге айналған. Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерінің 15%-ы өндірілетінін де айта кеткен жөн. Алдағы уақытта 130 млрд теңге сомасына 79 ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде. Бұл өңірдегі Халық табысының тұрақты өсуіне жағдай жасауда облыс орталығы мен аудандарда жаңа жұмыс орындары құрылып, жастар мен пробация қызметінде есепте тұрған және бас бостандығынан айыру орындарынан шыққан адамдарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Жұмыс берушілердің өтініштері бойынша азаматтар қысқа мерзімді курстарға жіберіледі. Мысалы, олар «тракторист-машинист», «аспаз», «шаштараз», т.б. мамандықтарға оқытылады. Облыс жұртшылығын жұмыспен қамтуда «Жастар практикасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» жобалары сәтті жүзеге асырылуда. Ақмола аймағының құзырлы органдары мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа тұрғызуға ерекше көңіл бөледі. Өңірде осы санаттағы адамдардың жұмысқа орналасу көрсеткіші артқан. «2025 жылға дейін халықтың табысын арттыру» бағдарламасы, оның шеңберінде іске қосылған жобалар ауыл халқына кооперация құру арқылы ауқымды жұмыстар бастауына мүмкіндік береді. Осы бағытта Үкімет тарапынан үлкен мүмкіндіктер берілуде. Қандай мүмкіндік десек, жеке кәсіп ашып, кооператив құрғысы келетіндерге 2,5 пайызбен жеңілдетілген несие, сондай-ақ ауылшаруашылық техникасын алуға лизинг, кооперативтер үшін инвестициялық субсидиялар қарастырылған.

Түймегүл ИБАШЕВА, «Заң газеті»

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...