«КИБЕРПОЛИЦИЯ АҚМОЛА» ЕСКЕРТЕДІ!

Ғаламтордағы алаяқтық бүгінгі қоғамның аса өзекті мәселелерінің біріне айналғалы қашан. Қулығына құрық бойламайтын киберқылмыскерлер өздерінің жымысқы әрекеттерін интернет желілері арқылы жүзеге асырып, ақпараттық технологиялардың арқасында қарапайым жұрттың қалтасын оп-оңай қағып кетіп жүр. Елімізде жедел жағдайлар мен өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып «Кибер қылмыстарға оның ішінде телефон және интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың 2023–2025 жылдар жоспары» қайта қаралған еді. Бұл орайда полиция қызметкерлері де тұрақты негізде бағдарламаны жүзеге асыру шараларын жүргізіп жатыр.

Аталған қылмыстар ақмолалықтарды да аса қатты алаңдатып тұр. Тек жыл басынан бері ғана облыста 110 интернет алаяқтық қылмыстары ашылып, оның 54-і бойынша қылмыстық істер сотқа жолданған. Олардың ішінде 37 іс аса ауыр қылмыс саналып отыр. Ақмола облысытық Полиция департаментінің дерегінше, бүгінгі күнге дейін облыс аумағында 705 интернет алаяқтық фактісі тіркелген. Оның ішінде орташа ауыр – 60, ауыр санатта 37 қылмыстық іс жасалған. Бүгінге дейін аталған қылмыстық істердің 17 пайызы ашылған. Полиция интернет ала — яқтық қылмыстардың шамадан тыс ұлғайып кетуін интернет желілерін қолданудың көмегімен ұялы байланыс құралдары арқылы қызмет көрсету сонымен қатар банк жүйелерінде онлайн несиелеудің жеңілдетілуінің салдары деп түсіндіреді. – Мұндай қылмыстармен күрестің жаңа әдістері енгізіліп әрі қайта өңделіп жатыр. Күн сайын тұрақты негізде интернет алаяқтық бойынша жасалған қылмыстық істерге талдау жүргізіліп, оның нәтижесі бойынша қызметтік іссапарлар жүзеге асырылады. Сондай-ақ криминалды полиция, қалалық және аудандық полиция бөлімдерімен күнделікті аталған қылмыстарды ашу және жасаған тұлғаларды ұстауға бағытталған жедел іздестіру шаралары жүргізіледі, – дейді Ақмола облыстық Полиция департаментіндегі баспасөз қызметінің өкілі Әсем Әбдірахманова.

– Сонымен жыл басынан бері ғана облыста ғаламтор желісінің көмегімен алаяқтық қылмыс жасаған 51 адам ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылыпты. Әрбір қылмыстық істі тергеу кезінде қаржыны интернет арқылы шешіп алуға көмектесетін «дроппер» деп аталатын тұлғалар да анықталыпты. Биыл 13 дроппер қолға түскен. Криминалды полиция қызметкерлері Көкшетау қаласының полиция қызметкерлерімен бірлесіп Ақмола облысының ішкі саясат басқармасының қолдауымен осы жылдың екінші тоқсанында бірқатар мемлекеттік органдарда кең көлемді алдын алу жұмыстарын өткізді. Онда интернет алаяқтықтың жаңа түрлері мен әдістері туралы бейнероликтер мен сурет слайдтары көрсетіліп, «Egov mobile» қосымшасының көмегімен алты ай мерзімге банк қарыздарын, микроқарыздар алудан ерікті түрде бас тарту мүмкіндігі түсіндірілді. Қазір осы жылдың үшінші тоқсанында да профилактикалық жұмыстар жалғасып, мемлекеттік органдарға интернет алаяқтық және Егов-Мобайлды бұғаттау бойынша дәрістер өткізілуде,– деп толықтырды Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен. Полицияның Ақмола облыстық прокуратурасымен бірлесіп өткізілген жұмыс кездесуі барысында тақырыптық бейнероликтер дайындау мәселесі қаралып, оның соңы «Smart Aqmola» қолдауымен Көкшетау қаласындағы «Aqmola Hub» ІТ компаниясымен келісімшарт жасалған. Бұл заманауи киберқылмыстарға қарсы тұру үшін Көкшетау қаласы полиция басқармасы базасында арнайы «CyberPol» мамандандырылған соққылы-мақсатты топ құрылған. Мұнда қылмыстық істерді тергеу нәтижелері күн сайын жұмыс кездесуінде тыңдалып отырады. Интернет алаяқтықпен күрестің тиімділігін арттыру мақсатында жыл басынан бері облыс аумағында «Stop-мошенник», республикалық көлемдегі «Antifraud» жедел алдын алу шаралары ұйымдастырылып, оның нәтижесі бойынша аталған санаттағы 92 қылмыс ашылып, оның ішінде бұрын жасалған 81 қылмыс ашылып, 11-і анықталды. «Антифрод орталық» алаяқтық транзакациялар бойынша мәліметтер алмасу орталығы жобасының жұмысын сәтті ету мақсатында Ақмола облысы полиция департаменті бастығының бұйрығымен жауапты полиция қызметкерлері бекітілген. Мұндағы әрбір департамент қызметкері қала, аудандар мен ауылдарда тұрғындардың топтық чаттарына ескерту сипатындағы жоғарыда аталған сюжеттерді жолдайды. Полицияның мәліметінше халық арасында интернет алаяқтық жайлы кеңірек түсінік қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жәбірленушілердің қатысуымен әрбір ғаламтор арқылы болатын қылмыс түрлері бойынша жаңа бейнероликтер әзірлеу жоспарланған. Ақмола облысы елдің басқа аймақтарына қарағанда қауіпсіз саналғанымен қылмыскерлердің құрығына түсіп қалатын аңғал азаматтар өкінішке орай өте көп. Негізінен алаяқтар өздерін ұлттық қауіпсіздік комитеті, полиция, банк яки ұялы байланыс операторы ретінде таныстырып әңгіме кезінде әлеуметтік желілерді бұзып, 1414 callорталығынан СМС хабарламалар таратады. Сондай-ақ қаражат жіберуді өтініп немесе өзін ХҚКО қызметкері ретінде таныстырып ЭЦҚ кілтінің мерзімі аяқталғаны туралы хабарлайды. Сондықтан өте мұқият болу қажет. Жеңіл ақша таппақ болған балалар бинанс криптоәмиянын ашып, карталық шоттар ашып оны алаяқтарға ұсынып жібереді. Осылайша алаяқтардың қорған торына түсіп «дропқа» айналады. Сондықтан ешқашан жасырын нөмірлі қоңырауға жауап беруге, жеке ақпараттарды, әсіресе телефондағы пин кодтар мен CVV/CVC кодтарды ешкімге таратуға, хабарламалар сайттарында жеке нөмірлерді қалдыруға болмайды. Ешқашан «Энидеск, РастДЕСК» қосымшаларына өтіп яки жүктеп алуға болмайды. Бұл қосымшалар алыстан басқаруға қолжетімді болады. Алаяқтар осылайша құпия сөздерді өзгертіп, жәбірленуші адамдардың атынан несиелер рәсімдеп, аударымдар жасап, қаражатты шешіп алу сияқты операциялар жасауы әбден мүмкін. Ешқашан СМС кодты айтуға, нұсқауларға еріп сұрақтарға жауап беруге, жеке дербес мәліметтерді айтуға болмайды. Банк қызметкерлері ешқашан күдікті аударымдар туралы айтып хабарласпайды. Күдікті сілтемелерге кіруге, таныс емес сайттарға банк деректерін жазуға болмайды. Өйткені, алаяқтар сайттың ұқсас нұсқасын жасап, сілтеме арқылы өтіп карта мәліметтерін енгізуді сұрайды. Ал олар мәліметтерді алса ақшаларыңызды да ұрлап алады, – дейді Әсем Әбдірахманова. Полицияның дерегін — ше сонымен қатар әлеуметтік желілерде де интернет алаяқтар кеңінен ойқастап жүр. Әсіресе, инстаграм, Вк, одноклассники басқа да желілерде алаяқтыққа тап болғандар көп. Сондықтан барлық жеке аккауанттар, электронды пошталар мен әлеуметтік желілер қ ұ п и я с ө з б е н бекітілуі тиіс. Өйткені алаяқтар к ө ш і р і п а л ы п туған-туысқанд а р ы н а қ и ы н ж а ғ д а й ғ а т а п болғанын айтып шотына қаражат аударуды өтінуі әбден мүмкін. Т а у а р д ы сатқаны ақшаны айналымға салғаны үшін алдын ала төлем енгізуге болмайды. Ақшаны табысқа айналдыру, тауарларды сату туралы аккаунттарда көптеген жағымды роликтер орн а л а с т ы р а д ы . Осылайша алаяқтар адамдардың с е н і м і н е к і р і п одан әрі шотқа қаражат аударуды өтінеді. Бұлар – алаяқтар. Ешқашан жеңіл ақша болмайды. Егер күдікті қоңырау лар мен хабарламалар түскен жағдайда хабарлама көзін тексеріп, егер оның түпнұсқа екеніне күмән келтірсеңіз болжамды жіберушінің ресми сайттарында көрсетілген ресми байланыс телефондарына хабарласу қажет. Күдікті сілтемелерге өтуге болмайды. Өйткені алаяқтар сіздің мәліметтеріңізді алу үшін фишингтік сілтемелерді жиі қолданады. Жеке ақпараттарды, құпия сөздер мен банк деректемелерін мессенджерлер арқылы жолдауға болмайды. Егер күдікті хабарламалар алсаңыз бірден ол контактіні бұғаттап тастаған жөн. Интернет алаяқтық жайлы барлық ақпаратты біздің «Akmol_pd» және «Кибер полиция Акмола» ресми парақшалардан алуға болады, – дейді Ақмола облысы Полиция департаментінен. Расында да қажет ақпаратты біліп, сақтану әрқашан артықтық етпейтіні сөзсіз. Сондықтан алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым қағидаларды әркез естен шығармаған жөн…

Майра ҚУАНЫШҚЫЗЫ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...