Ақмола облысының полиция департаментінің хабарлауынша, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған немесе соған бейім адамдарға қатысты 2268 қорғау ұйғарымы шығарылған.
– Қабылданып жатқан профилактикалық сипаттағы шаралардың, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың айқындау сипатының нәтижесінде құқыққа қайшы әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы өтініштерді жалпы тіркеу ұлғайды. Осы жылдың маусым айынан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР ҚК 108-109- жаңа баптары бойынша 194 іс тіркелді, оның ішінде тұрмыс саласында 96 іс бар. 79 қорғаныс ұйғарымы шығарылды. Мінез-құлыққа ерекше талаптар белгілеуге 55 өтініштер жіберілді, оның 12-сін сот қолдады. Сонымен қатар, 82 сот-медициналық сараптама тағайындалды. Сотқа тұрмыстық зорлық-зомбылық саласында барлығы 10 іс жолданды, – деді Ақмола облысының полиция департаменті.
Осындай фактілерді азайту мақсатында өңірде отбасылық дебоширлер үшін сот отырысы өтті. Қылмыстық кодекстің 108-1-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жария түрде айыптау және жазалау үшін қарау таңдалды. Бұған дейін Степногорск полиция бөліміне жергілікті тұрғын жүгінген болатын, ол қасақана дене жарақатын келтірген бұрынғы жұбайына қатысты шаралар қабылдау туралы өтініш білдірген. Сараптама көрсеткендей, зардап шеккен адамның денсаулығына жеңіл зиян келтірген. Осы жылы 6 тамызда қалалық соттың мәжіліс залында жауапкер Степногорск қаласының пробация қызметінің профилактикалық есебіне қойылып, оған 40 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі үкім жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың 15 сәуірінде Мемлекет басшысы Парламент депутаттары бастамашылық еткен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңына қол қойды. Өзгерістер 2024 жылдың 16 маусымында заңды күшіне енді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы заңға енгізілген түзетулерге сәйкес, іс денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстен қылмыстық құқық бұзушылыққа ауыстырылды. Жалпы, ағымдағы жылдың 7 айында облыс аумағында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында 54 қылмыстық құқықбұзушылық тіркелді, оның ішінде 28-і тұрмыста ұрып-соққаны үшін. Мұндай қылмыстардың алдын алуға және азайтуға бағытталған жұмыстар ауылдық жерлерде де жүргізіледі. Мысалы, Ақмола облысындағы кезекті алдын алу кеңесінде отбасылық дебоширлердің, алкогольге тәуелділіктен зардап шегетін ауылдастардың мінез-құлқы және Сандықтау ауданының қолайсыз отбасыларының проблемалары қаралды. Отырыс жұмысына ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері, «Senimen Bolashaq» қоғамдық бірлестігі филиалының, білім бөлімінің жергілікті атқарушы органдарының, аудандық аурухананың және т.б. өкілдері белсенді қатысты. Сандықтау полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттерге жол беретін құқық бұзушылардың мінез-құлқы, қолайсыз отбасылардың проблемалық мәселелері туралы ақпарат берді. Отырыс барысында құқық бұзушылардың атына мінез-құлықты түзету, атап айтқанда, алкогольдік ішімдіктерді тұтынудан бас тарту, жұмысқа орналасу, психологпен кеңесу және т.б. бойынша қажетті ұсыныстар айтылды. Отбасыларға құқық бұзушыларға қатысты қабылданып жатқан шаралар, оларды әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тарту, есепке қою, қажет болған жағдайда маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге жіберу туралы түсініктемелер берілді. – Мысалы, 1985 жылы туған азамат Сандықтау ауданының ауылында тұрады. Оның асырауында екі кәмелетке толмаған баласы бар, есірткі мәселесіне қатысты дәрігердің есебінде тұрады, өйткені ол алкогольді ішімдіктер ішеді. Заңды некеде тұрмайды, бірге тұратын адаммен қосылып арақ ішеді. Ресми түрде жұмысқа орналаспаған, еш жерде жұмыс істемейді. Ауылда ол теріс сипатталады, алкогольдік ішімдіктерді пайдаланғаны бірнеше рет анықталған. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу бойынша ата-аналық міндеттерін орындамау фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл жұпқа қатысты ауыл әкімдігінің, мектеп қызметкерлерінен алкогольдік ішімдік ішкені, үйдегі антисанитария үшін шағымдар бар. Бұған дейін бірнеше рет әйелге және оның бірге тұратын адамына учаскелік инспектордан ауыл әкімдігі қызметкерлерінің моральдық қана емес сонымен бірге өмір салты, ата-ана міндеттері туралы ескертулер айтылды, алайда оң жағынан өзгерістер болған жоқ. Бұл отбасы Сандықтау ауданы әкімдігі жанындағы комиссияда қаралды,– деді полиция департаменті. Мекеменің мәліметінде, мұндай жағдайлар көп, бұрынғы әйелдеріне қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасайтын ер адамдар бар, мысалы, ақмолалық полиция бөлімінде «өзіне қатысты қорғау ұйғарымы шығарылған Адам» санаты бойынша профилактикалық есепте тұр, қазіргі уақытта жұмыс істемейді, ол үздіксіз 3-6 күн бойы алкогольдік ішімдік қабылдаған. Алкогольді ішімдіктерді қолдану аясында бұрынғы әйеліне қатысты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқыққа қайшы әрекеттер жасайды, жақында жанжал кезінде бұрынғы әйеліне дене жарақатын келтірген, сонымен қатар, Сандықтау ауданында орналасқан үйдің ауласында мас күйінде қоғамдық тәртіпті және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзды, бұрынғы үйінің терезе әйнектерін сындырды. Құқық бұзушы бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылды, онымен үнемі профилактикалық жұмыс жүргізіледі, бірақ ол тиісті қорытынды жасамайды, түзету жолына түспейді. Қоғамдық кеңес мүшелері оның мінез-құлқын қарастырады. Ауыр зардаптардың алдын алу мақсатында жергілікті полиция басқармасы бөлімшелерінің қызметкерлері 2024 жылдың басынан бастап ҚР ӘҚБтК 73-бабы бойынша тұрмыста жасалған 2080 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады – бұл тұрмыстағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін, балағат сөздер, құрметтемеушілік және үй тұрмыстық заттарының бүлінуі т.б. Мәселен, Ақмола облысында отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы 28 құқық бұзушы денсаулығына жеңіл зиян келтіргені және ұрғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Бақыт ЖҰМАБАЙ


