АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ЛОКОМОТИВ ҚҰРАСТЫРУ ЗАУЫТЫ САЛЫНАДЫ

Президенттің соңғы жолдауындағы басты идеялардың бірі – Қазақстанның әлемдік аренадағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған экономикалық дамудың жаңа моделін құру. Нақтылай түссек, мұнай өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік саласы және т.б. Осыған байланысты өңірлерде атқарылып жатқан шаруалар да аз емес.

Ақмола облысында локомотив құрастыратын зауыт салу жоспарлануда. Атбасар қаласында қуаттылығы жылына 360 бірлікті құрайтын локомотив құрастыру зауытының болашағы үлкен үміт күттіреді. Облыс әкімі Марат Ахметжанов Президент тапсырмасы аясында «Қамқор локомотив» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Тарихы ат базарынан бастау алған қаланың кейінгі тағдыры да тасымал көлігімен ұштасуы сәйкестік емес. Облыс әкімі Марат Ахметжанов тараптардың екі жақты кездесу барысында Атбасар қаласы темір жолдардың көлік торабына айналуы тиіс екенін баса айтты. «Зауыт құрылысы Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жүзеге асырылып жатыр. Жоба тек салалық емес, бүкіл өңірді дамытудың жаңа кезеңін бедерлейді. Соның ішінде жаңа жұмыс орындарын құру, инвестиция тарту басты мақсатымыз. Айта кетейік, Атбасар қаласы – үлкен тарихы бар теміржол торабы. Бұнда темір жол қызметі атадан балаға өткен ата кәсіп іспетті», – деп атап өтті өңір басшысы. «Қамқор Локомотив» ЖШС директоры Алтай Жұматаев та өз кезегінде кәсіпорынның жаңа заман сұранысына сай болатынын жеткізді. «Атбасарда тепловоздық және электровоздық тартқышы бар локомотивтер құрастырылатын болады. Олар экологиялық стандартқа сай шығарылады. Бұл локомотивтердің негізгі отыны сұйытылған газ болмақ. Жалпы өндіріс орны Атбасарда жұмыс істеп тұрған зауыт станциясында ашылмақ. Таңдауымыз бұнда түскені бекер емес. Өйткені бұл орын логистикалық тұрғыдан ыңғайлы, бір жағынан республикалық тас жол таяқ тастам жерде оның үстіне мемлекет орталығы, көлік айрығы да жақын орналасқан», – деді А.Жұматаев. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу қазірдің өзінде жүріп жатыр. Жоба 800 жұмыс орнын қамтамасыз етеді, бұл өңірдегі жұмыспен қамту жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Жобаға жеке инвестиция көлемі 47 млрд теңгені құрайды, бұл оның ауқымы мен маңыздылығын көрсетеді. Өнеркәсіптік өсіммен қатар, Ақмола облысында жұмыс орындарын құру және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде. 2024 жылы ұлттық бағдарламалар мен шағын несиелендіруді жүзеге асыру арқылы 32 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда. Қазірдің өзінде 16 мыңнан астам жұмыс орны ашылған. Ақмола облысында инвестициялық ахуалды жақсарту үшін «Aqmola Invest» орталығы ашылды. Бір айдан астам уақыт бұрын қолға алынған бұл жоба жақсы нәтиже көрсетіп үлгерді. Орталық инвесторлармен өзара іс-қимылды және олардың жобаларын қолдауды жеңілдете отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс істейді. Орталық қазірдің өзінде әлеуетті инвесторлармен 23 кездесу өткізсе, оның 13-і шетелдік компаниялардың қатысуымен өтті. Жақында орталықтың ресми ашылуы өтіп, онда 76 миллиард теңгенің келісіміне қол қойылды. Қол қойғандардың қатарында Аршалы ауданында агротехнологиялық парк құруды жоспарлап отырған венгриялық Globalia Ltd компаниясы мен аймақтағы өңдеу кәсіпорындарына инвестиция құйып жатқан қытайлық Beijing Ruiheyuan Construction Engineering Co.Ltd компаниясы бар. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын ашуға және экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді. Aqmola Invest орталығы инвестиция тартуда және бизнес үшін қолайлы жағдай жасауда маңызды рөл атқарады, бұл аймақтың экономикасын дамытуға және жаңа капиталды тартуға көмектеседі. Ақмола облысы экономикалық өсу мен жаңғыру жолында белсенді түрде жүріп жатыр. Локомотив құрастыру зауыты, жаңа кәсіпорындарды құру сияқты ірі жобалар индустриялық аймақтарға салынған инвестициямен бірге өңірдің Қазақстанның индустриялық секторында көшбасшы болуға ұмтылысын көрсетеді. Инвестицияларды тарту, жұмыс орындарын құру және инфрақұрылымды дамыту – аймақтың тұрақты дамуына ықпал ететін негізгі факторлар. Мемлекеттік және жеке инвестициялар арқылы қолдау көрсетілетін бұл күш-жігер жергілікті қауымдастықтар үшін ұзақ мерзімді өсу және өмір сүру сапасын жақсарту үшін мүмкіндіктер жасайды. Билік пен бизнестің бірлескен жұмысының арқасында Ақмола облысы республикалық деңгейде де, халықаралық деңгейде де өз ұстанымын нығайта отырып, еліміздің маңызды экономикалық орталығы мәртебесіне сенімді түрде қадам басып келеді.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...