Астанада Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына арналған тағы бір мурал ашылды

Астанада Триатлон саябағындағы көпір маңын жаңадан салынған тағы бір жаңа мурал безендірді. Ол 2024 жылдың 8-14 қыркүйегі аралығында өтетін Дүниежүзілік өшпенділер ойындарына арналған, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Муралдың биіктігі – 4 метр. Онда турнир кезінде жамбы атайын деп нысананы көздеп тұрған ер адам бейнеленген. Бұл сурет ұлттық ойындардың басталғанының, абырой мен даңқтың, көшпенділердің күші мен дәлдігінің символы.

«Жамбы ату» ұлттық спорт түрі, онда атпен шауып бара жатқан адам белгілі бір қашықтықта садақпен нысананы көздейді.

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – бұл этникалық спорт түрлеріне арналған халықаралық спорттық жарыстар. Оларға мәдени мұра мен көшпелі өмір рухынан сыр шертетін Орталық Азияның көшпелі этностарының халықтық ойындары кіреді.

Іс-шараға әлемнің 89 елінен 2500-ден астам адам қатысады деп күтіліп отыр.

Астанада өтетін Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарында спорттың 21 түрінен 97 медаль жиынтығы ойналады.

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...