Каникул аяқталуда, ата-аналар үшін мектепке қызу дайындық кезеңі басталды. Қазақстанның ең инновациялық компаниясы Kaspi.kz сүйікті клиенттерінің сұраныстарына жауап беріп, «Қайтадан мектепке» науқанын іске қосты.
«Қайтадан мектепке» науқаны15 тамызда басталып, 1 қыркүйекке дейін жалғасады. Ноутбуктар, сөмкелер, оқулықтар, мектеп формасы, аяқ киім, кеңсе тауарлары және тағы да басқа заттарды Kaspi.kz -тегі Магазиннен және Kaspi QR арқылы серіктес дүкендерден 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы артық төлемсіз сатып алуға болады. Ал Kaspi Red+ немесе Kaspi Gold арқылы сатып алған кезде 15%-ға дейін бонус беріледі.
Жаңа оқу жылы қарсаңында Glasman дүкендерінде ең сұранысқа ие шалбарлар, жейделер мен пиджактардың қосымша партияларын әкеліп, сатушылардың саны көбейген.
«Сатып алушылар өте көп. Клиенттер мектеп формасын Kaspi.kz арқылы сатып алып, оны өздері немесе курьермен алып кетеді, немесе постаматтарға жеткізуді тапсырады. Шалбарлар, жейделер, блейзерлер, пиджактарды Kaspi Red+ арқылы үлкен бонустармен немесе 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы алып жатыр. Қазіргі мектеп маусымына байланысты тапсырыстар саны 10 есеге өсті, сатылым көлемі артты. Бұл, әрине, бізді қуантады», — дейді Glasman дүкенінің әкімшісі Қырмызы Құмыртай.
TechnoDom-да ноутбуктар, планшеттер, электронды кітаптар Kaspi.kz арқылы онлайн түрде белсенді түрде сатылып жатыр. Дегенмен, көптеген сатып алушылар сауда желілеріне келіп, оқушыларға қажетті электрондық техниканы көріп, таңдайды.
Алматылық Айгүл «Қайтадан мектепке» науқанытуралы білгенде, көп ойланбай, акцияның екінші күні компьютер алуға дүкенге келгенін айтады.
«Қызым Дилназға ноутбук сатып алдым. Ол 11-сыныпта оқиды, «Алтын белгіге» үміткер. Алда ҰБТ, қосымша онлайн сабақтар, курстар бар. Сандық дәуірде ноутбук өте қажет. Бүгін «Қайтадан мектепке» науқаныаясында Kaspi QR арқылы 24 айға бөліп төлеу арқылы сатып алдым. Қызым қуанады деп ойлаймын. Рақмет!» — дейді TechnoDom дүкенінің сатып алушысы Айгүл.
Көпбалалы әке Жарас Ниязбек мектепке дайындықты жаздың ортасынан бастаған.
«Биыл мектепке төрт баламыз барады. Бүгін Әлихан, Әдия және Әсиямен бірге сөмкелер, ноутбук және мектеп формасын алу үшін сауда орталығына келдік. Негізі, біз бәрін Kaspi Магазинде таңдадық. Қазір сатып алған заттарды алып кетеміз. «Қайтадан мектепке» науқаныаясындағы бонустар мен 24 айға бөліп төлеу мүмкіндігі бірнеше баласы мектепке баратын ата-аналар үшін өте ыңғайлы», — деп санайды Жарас Ниязбек.
Әлия Әділбекованың үйінде үш оқушы бар. Мектепке дайындық дүкендерге барудан басталады.
«Биыл біз мектепке үш оқушыны дайындап жатырмыз. Киім-кешек, сөмке және кеңсе тауарларынан бөлек, сандық дәуірде электрондық кітаптар маңызды. Әрқайсысына жеке қажет. Әрі олардың түрі көп. Сондықтан бүгін дүкенге Әлішер мен Әлиханмен бірге келіп, қажетті заттарды таңдадық, Kaspi Red+ арқылы төледік және бірден 10% бонус алдық. Бұл өте тиімді!» — деп түсіндіреді Әлия Әділбекова.
Жақында Kaspi Kaspi Red+ атты жаңа қызметті іске қосты, онымен барлық заттарды 4 айға бөліп төлеу арқылы сатып алуға болады, ал лимит 500 000 теңгеге дейін өсті.
Сондай-ақ, 1 қыркүйекке дейін Kaspi.kz Kaspi Red+ арқылы Zara, Bershka, Pull&Bear, Oysho, Stradivarius, Massimo Duty, Mango, Marwin, LC Waikiki, Mon Amie, Swarovski және басқа да танымал дүкендерде зат сатып алғандарға 10% бонус сыйлайды.
«Менің ойымша, ата-аналар осы науқан аясында қажетті заттардың барлығын алып үлгеруге уақыт табады, өйткені бөліп төлеу мен Kaspi Red+ арқылы төлеу өте тиімді. Kaspi Red+ – бұл жалпы жаңа нәрсе, көрейік деп шештік. Осындай ыңғайлы және тиімді шарттар үшін Kaspi.kz-ке рақмет», — деп толықтырды Әлия Әділбекова.
«Қайтадан мектепке» науқаны 1 қыркүйекте бүкіл ел бойынша алғашқы қоңырау соғылып, оқушылар білім деген қызықты саяхатқа аттанғанға дейін жалғасады.