Сыбайлас жемқорлық пен күресу баянды болашақтың кепілі

       Қазіргі  таңда  жемқорлық —  мемлекеттің,  қоғамның   дамуына   тежеу   болатын, болашағына   кесірін   тигізетін   індет.

       Қарапайым    халықтың   мемлекеттік  қызметке    сенімін   жоғалтатын, еліміздің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, іргесін сөгетін  бүгінгі   таңдағы    қауіптің      бірі –сыбайлас    жемқорлық.

         Елбасымыз  халыққа  арнаған    әр   жылғы   Жолдауында   жемқорлық індетінің   тамырына   түбегейлі   балта   шаппайынша,   мемлекетте   тұрақты    өсіп-өркендеу   болмайтынын  жиі  айтып  келеді.

        Қазақстан   Республикасының   «Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес туралы»   Заңы   еліміздің  барлық  жеке  және  заңды   тұлғаларына  қатысты   қолданылады.

       Заң демократиялық негіздерді, мемлекетті басқарудағы жариялылық пен бақылауды кеңейтуге халықтың мемлекет пен оның құрылымдарына деген сенімін нығайтуға, білікті мамандарды мемлекеттік қызметке кіруге ынталандыруға, мемлекеттік міндеттерді атқаратын адамдардың риясыз адалдығы үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

        Сыбайлас жемқорлыққа қарсы табысты әрекет оның алдын алуға бейімделген стратегия болғанда ғана мүмкін. Сондықтан, жазалауды қатаңдатумен және қылмыстық қудалауды күшейтумен бірге сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға бағытталған қосымша шаралар пысықталуда. Осы мәселені шешуде мемлекет пен қоғамның күш салуын біріктіруге аса көңіл бөлінуде.

сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске  жәрдемдескен адам туралы ақпарат мемлекеттік құпия болып табылатынын және құқық қорғау органдарының немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгіленген тәртіппен  ғана  табыс етілетінін  әрбір   адам  білуі қажет. Сыбайлас  жемқорлық  пен құқық бұзушылық    орын  алған   жағдайды   хабарлаған    немесе    сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске   жәрдемдескен   адам   мемлекеттің   қорғауында   болады.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру кез-келген мемлекеттің   болашағы   үшін   стратегиялық   мәнге   ие. 

      Жемқорлық белең алған жағдайда еліміз бәсекеге қабілетті мемлекеттер қатарына  қосыла   алмайтыны  белгілі.  Мұндай   әрекеттер  экономикамыздың бәсең    дамуына,   әлеуметтік   жағдайымыздың   жақсартуға   кедергі   келтіреді.

       Осындай аса қауіпті қоғамдық кеселдің алдын алып, жолын  кесу үшін   біз Әділет  органдарының  мемлекеттік  әкімшілік  қызметкерлері  сыбайлас  жемқорлық көріністеріне тосқауыл қойып, еліміздің экономикасының   қарыштап  дамуы   және  халқымыздың   әл-ауқатының   жақсара түсуі   жолында    аянбай   еңбек   ете   беруіміз   қажет.

Құлмырза Эльмира Медетбекқызы

Түркістан   облысы   Әділет   департаментінің

Әкімшілік  бөлімінің   іс-қағаздарын

жүргізу жөніндегі инспекторы

Әлихан Бөкейханов және құқықтық мемлекет идеясы: тарихи мұра мен заманауи сабақтастық

Әлихан Бөкейханов – қазақ тарихындағы аса ірі тұлғалардың бірі,...

Мемлекеттік тілдің сот жүйесіндегі қолданылуын жетілдіру мәселелері туралы

Құрметті әріптестер, құрметті мемлекеттік тіл бойынша жауапты мамандар! Бүгінгі кездесудің...

Алаяқтық үшін қылмыстық жауапкершіліктің өзекті мәселелері

Алаяқтық – қоғамдағы ең кең таралған әрі қауіпті қылмыстардың...

Almaty Half Marathon 

МАССОВЫЙ СПОРТ В АЛМАТЫ СТАНОВИТСЯ ХОРОШЕЙ НАЦИОНАЛЬНОЙ И КРЕАТИВНОЙ...

Согласно миссии ООН

В АЛМАТИНСКИЙ ВОЕННЫЙ ГАРНИЗОН С РАБОЧЕЙ ПОЕЗДКОЙ ПРИБЫЛ ЗАМЕСТИТЕЛЬ...