Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасы негізінде еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторының ұйымдастырылуымен босатылған азаматтарды шығарып салу іс-шарасы өткізілді.
Түзеу мекемесінен босатылған 2 сотталған., олар жазасын толық өтеп, жаза өтеу мерзімінің аяқталуына байланысты және жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстырылды босатылды. Жаза мерзімін өтеу барысындағы әр азаматтың арманы түзу жолға түсу немесе жақындарына, отбасына, уйлеріне оралу болды. Түзеу мекемесінде жұмыс істеп, табыс тауып бірі отбасына туыстарына комектессе, бірі мемлекетке қарыздарын жапты. Сондай ақ біреулері кешкі мектептен оқып білім алса, кейбірі коллеждан оқып диплом алып шықты. Оларды қақпа алдында өмірінің қиын кезеңінде қолдау көрсетіп, ұзақ уақыт бойы сабырлықпен күткен туыстары ағасы, жанұясы күтіп алды.Кездесуде босатылған азаматтардың туыстары ғана емес, Абай облысы Семей қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы қызметкері, қатысуымен өткізілді.
Кездесу барысында босатылған азаматқа босатылғаннан кейінгі құқықтары мен міндеттері, ішкі істер органдарына, пробация бөлімдеріне профилактикалық тіркелу, қазіргі еңбек нарығындағы жағдайларға бейімдеу жұмыстары жайлы айтылды.
«Жалпы, «Қақпа алдында кездесу» жобасын өткізудің маңыздылығы өте жоғары. Жоба аясында мамандар әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, құқықтық көмек, бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіп, кеңестер берді»- деп түсіндіріп өтті сотталғандарды еңбекке және тұрмысқа орналастыру бойынша аға инспекторы аға лейтенанты Сыздыкова М.Ж.