12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституция – мемлекет тірегі

Конституция – әрбір мемлекеттің тәуелсіздігінің кепілі, тұтастығының күретамыры, қауіпсіздігінің негізі. Әрбір елдің бас құжаты саналатын бұл заң азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың, мүддесін сақтаудың басты тетігі болып табылады.

 1995 жылдың 30 тамызында жалпы халықтың таңдауымен қабылданған Конституцияның ел үшін пәрмені мықты, беделі биік. Жаңа Конституцияны дайындауға айрықша назар аударылды. Білікті мамандардан құралған арнайы топ әлем елдерінің Конституцияларын мұқият сараптап, артықшылығы мен ерекшеліктеріне жан-жақты талдау жүргізді. Құжаттың оң мен солын талқылаудан қарапайым халық та шет қалған жоқ. Ресми мәлімет көрсеткендей, Ата заңның жобасын талқылауға 3 миллионнан астам адам қатысқан екен. 7 млн-нан астам қазақстандықтың Конституцияны  қолдап, дауыс беруінің өзі құжаттың үлкен ыждағаттылықпен, халықтың талап-тілегіне сай дайындалғанынан дәлелдесе керек.

29 жылдан бері халықтың қорғанына айналған бас құжатқа қатысты әлемдік сарапшылардың пікірі оң. Мұндай пікірлердің дені «Қазақстанның Кнституциясы – әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі», «Дүние жүзіндегі ең жас Конституция» деген пікірлермен үндес. Жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін маңызды құжаттар тізбесінен табылуымыздың өзі еліміздің бейбітшіліксүйгіш, құқықтық теңдікті сақтауға құштар, азаматтардың пікірі мен тілегіне ден қоятын зайырлы, демократиялық мемлекет екенімізді айғақтайды. Алайда Конституцияның мықтылығы құжаттың сауатты түзіліп, сөзсіз орындалуымен ғана өлшенбейді. Ол үшін осы Ата заңға әрбір азамат бас иіп, оның баптарын шүбәсіз орындап, талаптарына бағынуы тиіс.

 «Конституцияда ештеңені бұзбаңыз. Мұны сақтау керек, өйткені бұл біздің бостандығымыздың жалғыз кепілі», – дейді Американың 16-шы Президенті Авраам Линкольн. Расында, құқықтық мемлкеттегі құқықтық мәдениеттің орнығуы азаматтардың өз құқығын қорғай алуына ғана емес, өзгенің құқығына құрметпен қарауына да байланысты екенін қаперде ұстаған жөн. Конституцияның орнығуы әрбір азаматтың заң талабын орындауына тікелей байланысты.

Біздің Конституциямыз егемендігіміздің тұғырлы, шекарамыздың берік болуына құқықтық кепілдік беріп келеді. Сонымен бірге, осы мемлекетті мекендеген әрбір азамат Конституцияны тірек ете отырып, өзінің құқығы мен бостандығын қорғай алады. Өйткені Конституцияның 1-бабы 1-бөлігінде «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» деп нақты көрсетілген. Осылайша бас құжатта басты құндылық ретінде азаматтар құқығы танылған.

Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заң ел тұрғындарының адамдық қадір-қасиетіне қол сұғылмауына, тіліміз бен дініміздің дамуына, ар-ождан бостандығын қорғауға, адал еңбегімізбен тапқан мүлкіміз бен меншігімізді сақтауға толық кепілдік береді. Міне, осы маңызды заңның баптарын жұртшылыққа таныстыру, ұрпағымыздың құқықтық сауатын үнемі көтеріп отыру ешқашан күн тәртібінен түспеуі керек. Азаматтардың құқықтық сауаты өскен сайын елде заң үстемдігі берік орнап, даулар саны біртіндеп азая береді.

Төленді Боранов,

Алматы қаласы

Әуезов аудандық №2 сотының судьясы

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...