Шахматтан жасақ арасында жарыс өтті

Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті №11 мекемесінде кәмелетке толмаған жазасын өтеуші жасөспірімдер арасында спорттық іс- шара, 20 шілде Халықаралық шахмат күніне орай шахматтан турнир өтті. Төрешіге Алматы қаласының №6 Оқушылар үйінің, шахматта тренері Китапиянов Айдос Дүйсенович қатысты.
Шахмат – ғылыми ақыл-ой және халық шығармашылығы негізінде пайда болған ең танымды да, қызықты спорт ойыны. Бұл ойынға жазасын өтеуші жасөспірімдер қатысты.
Спорттық іс-шара спорттық ойын 5-турдан өтті. 1-орынға жазасын өтеуші жасөспірім Ә.Әділхан, 2-орын Е.Хамитұлы, 3-орын Д.Болатхан ие болды. Ойын тарысты қызықты өтті. Шахмат үйрімесінің тренері Китапиянов Айдос Дүйсенович жеңімпаздар жазалы жасөспірімдерді мақтау қағаздармен марапаттады.
САӘПТЖБ бастығының, міндетін атқарушы әділет капитаны Бекзат Жаканов қатысушыларға мекеме басытығы атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Мұндай спорттық іс-шараның мақсаты: Шахмат ойынының шығуы туралы, шахматты ойлап табу жөніндегі қызықты аңызды айту арқылы шахмат ойнауға деген қызығушылықтарын арттыру. Ойлау қабілеттерін дамыту, жасөспірмдердің денсаулықтарын нығайту, оларға спорттың денсаулыққа пайдалы екенін түсіндіру,салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

№11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...