Полиция бір тәулікте 500-ге тарта құқық бұзушылықты анықтап, 32 көлікті айыптұраққа қойды

Облыстың бас полицейі Мұрат Қабденовтың тапсырмасымен 20-22 тамыз күндері аралығында Сайрам ауданында профилактикалық іс-шара өткізілуде. Оған Түркістан облысы Полиция департаментінің тиісті құрылым басшылары мен басқа аудандардан жеке құрам жұмылдырылып, ауқымды жұмыс атқарылды.
Қоғамдық қауіпсіздікке басымдық берілген іс-шараның алғашқы тәулігінде полиция басқармасына 52 тұлға жеткзілді. Профилактикалық есепте тұратын 64 тұлға мекенжайлары бойынша тексерілді. Жалпы тәртіп сақшыларымен 496 әкімшілік құқық бұзушылық анықталса, оның ішінде қоғамдық сала бойынша 46, жол саласы бойынша 450 дерекке хаттама толтырылды.
Мәселен ұсақ бұзақылық бабымен 22 дерек, қоғамдық орында мас халде жүру бойынша 8 дерек, белгіленбеген орында сауда жасаумен 3 дерек анықталып, құқық бұзушыларға әкімшілік шара көрілді.
Ал ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзу бойынша 4 жайт, егістіктер мен маяларды жою бойынша 1 жайт, абаттандыру қағидаларын бұзуға байланысты 3 жайтқа жауапкершілік қаралды. Тіркеусіз жүрген 2 азамат анықталды. Түнгі уақытта қараусыз жүрген 3 жасөспірімнің ата-анасы жауапқа тартылды. Жолды белгіленбеген жерден кесіп өткен 32 тұрғынға шара көрілді. Арнайы айыптұраққа 32 автокөлік қойылды.
Іс-шара барысында жол көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қарама-қарсы қозғалысқа шыққан жүргізушілер дрон арқылы анықталды. Басқа да арнайы бейнебақылау камералары бар соңғы үлгідегі қызметтік көліктер пайдаланылды.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...