12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

БОЛАШАҚТЫҢ БАҒДАРЫ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

Ұлттық қор – балаларға! 2022 жылы өткізілген жалпыхалықтық референдум нәтижесінде Ата Заңда жер мен табиғи ресурстар халықтың меншігі деген басты қағидат бекітілді. Яғни, мемлекет жерінің асты-үстіндегі қазынаның бәрі халықтың игілігіне жарауға тиіс екені айшықталды. Ақыры Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдың қыркүйегіндегі жолдауында конституциялық норма жаңа мазмұнмен толықтырылып, 18 жасқа дейінгі балаларға Ұлттық қордан қаржы аударылып тұратын болды. Билік мұнай сатудан түсетін пайданың бір бөлігін тікелей балаларға бағыттады.

Сонымен, қазақстандық балалар өз туған елінің қаржылай қолдауын көре бастады. Мұны ең алдымен теңгерімді тетік деп атауға болады. Неге? Өйткені, Ұлттық қордың ақшасын басыбайлы жұмсауға болмас еді, сондықтан билік қордың инвестициялық табысының 50 пайызын 18 жасқа дейінгі қазақстандықтарға аударып отыратын болды. Жалпы, Ұлттық қордың мақсаты болашақ ұрпақты қамтамасыз ету десек, аталған өзгеріс арқылы мұны іс жүзінде дәлелдеуге мүмкіндік туды. Содан бері балалардың есепшотына аздаған мөлшерде болса да қаржы аударыла бастады. Негізі Қазақстанды қаншама дағдарыстан құтқарған, жыл сайын республикалық бюджеттің 2-3 триллион теңге шамасында тапшылығын өтейтін Ұлттық қордың бүкіл қаражатын халыққа таратып беруге болмайды. Қазір Ұлттық қорда 60 млрд доллар көлемінде қаржы сақтаулы. Негізі әрбір отбасы мемлекет пайдаланып жатқан ұлттық байлықтың игілігін көруі керек-ақ. Бірақ болашақтың құраушысы балаларға басымдық береді. Жыл сайын қаржы әр бала 18 жасқа толғанша беріліп отырады. Ол жинақты мерзімінен бұрын есепшоттан шешіп алуға рұқсат етілмейді. Жинақталған қаржыны ата-аналар баспана сатып алуға немесе перзентінің білім алуына ғана жұмсай алады. Бәлкім, болашақта оны пайдаланудың басқа да мақсаттары анықталуы мүмкін. Әзірге тек осы екі нысаналы мақсат бар. Өйткені баспана иелену немесе оқуға түсу өскелең ұрпақтың үлкен өмірге еркін қадам басуына септеседі. Осы өзгерістің арқасында бір нәрсе анық байқалды: Ұлттық қор шын мәнінде ұлттық мәртебесіне сай болып, халқымыздың игілігіне қызмет ететінін көрсетті. Яғни, халық сұранысына сай орындалған бастама қай кезде де қолдау таба берері даусыз. ӘР БАЛА – МИЛЛИОНЕР Әрине, бұл жаңалық тарағанда көпшілікті лезде бір сауал мазалады: балалар шамамен қанша қаржыға ие болады? Бұл мәселеде қызу пікірталастар мен талқылар болғаны белгілі. Бұған тақырыпқа қатысты талқылауларға белсене араласқан билік өкілдері нақты жауап берді. Елімізде демографиялық қарқын жақсы, жыл сайын 400 мың сәби дүниеге келеді. Демек, жыл сайын Ұлттық қордың инвестициялық кірісін бөлісетіндер де артпақ. Үкімет пен Ұлттық банктің есебінше, 18 жасқа толғанша қазақстандық әр баланың есепшотында кемі 3 мың долларға тең қаражат жиналады. Бұл қазіргі курспен есептегенде шамамен 1, 4 млн теңгеге жуық сома. Бұған қарап көңілтолмаушылық көрсеткендер болғанын да жасырмаймыз. Бірақ бұл тұста екі нәрсені ескерген жөн. Біріншіден, 18 жасқа толып, мектебін аяқтап, үлкен өмірге қадам басу алдында тұрған жасөспірім үшін бұл үлкен көмек. Оқуының кем-кетігін толықтырады немесе ата-анасы баспана алып беруге пейілді болса, алғашқы жарнаға қосымша ретінде жұмсайды. Екіншіден, Ұлттық қордың инвестициялық табысының еселенуі елдің экономикалық белсенділігіне байланысты. Егер келешекте экономика қарқынды дамып, түсімдер көбейер болса, сөзсіз балалардың есепшотына аударылатын қаражат да ұлғаяды. Қаржы министрлігінің мәліметінше, Ұлттық қор 2001 жылы іске кіріскен уақыттан 2022 жылға дейін 25, 5 трлн теңгеден астам инвестициялық табыс тауыпты. Оның шамамен 77 пайызы немесе 19, 8 трлн теңгесі валюта бағамының айырмасынан алынған, яғни, долларға шаққанда теңгені девальвациялаудан түскен қаржы екен. Егер бастама 20 жыл бұрын қолға алынғанда қазақстандық балалардың есепшотында елеулі сома жатуы мүмкін еді. Есеп комитетінің хабарлауынша, Ұлттық қордың инвесттабыстары кейбір жылдары әлдеқайда көп болған. Нақтыласақ, 2015 жылы табыстылық жөнінен рекорд орнап, бұл көрсеткіш 10, 2 триллион теңгеге жетті. Егер қор сол жетістігін қайталай алса, оның пайызынан балалардың әрқайсысының есепшотына 718 мың теңгеден құйылмақ, Осылайша, жинақ сомасының ұлғаюы жеделдемек. Себебі, жыл сайын 718 мың теңгеден түсіп тұрса, 18 жылда 13 миллиондай қаржы жиналар еді. Ал 2020 жылдағыдай төмен табыс болса (инвесттабыс 4 трлн болған), онда бала кәмелетке толғанда, есепшотындағы жинақ 2,16 млн теңгеден аспайды. Әйтсе де, егер мемлекет ол жинақтың бәрін есепшотта бос жатқызбай, инвестицияласа немесе оған банк сыйақысы есептелсе, сома өсе түседі. Бұны мамандар ескерсе керек, жинаққа банк сыйақысы есептеледі екен. Биылдан бастап 18 жасқа толмаған барлық баланың атына арнаулы шот ашылды. Оларға кәмелеттік жасқа толғанша қаржы түсіп тұрады. Шоттағы қаражат шетел валютасында сақталады. Сонымен қатар, жинақ бойынша пайыздар есептеледі. Бұл шаралар шоттағы қаржыны инфляциядан қорғауға мүмкіндік береді. Ендігі мақсат – Үкімет Ұлттық қорды сауатты басқарып, инвестициялық табысын еселеп арттыруға тиіс. Әрине, бұл бір жыл аралықта бола қалар нәрсе емес, кезең-кезеңімен шешімін табады. Сонда балалардың арнаулы есепшотына қаражат тамшылап емес, тасқындап құйылатын кезеңге жетеріміз анық.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Украина төңірегіндегі жағдай ушықты: Тоқаев тапсырма берді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдай ушығуына байланысты тапсырма берді.

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АЛАЯҚТАРДЫҢ АЗЫҒЫ БОЛМАУЫ ТИІС

Қазақ халқының дәстүрінде қайырымдылық пен жомарттық ерекше орын алады. Жетімін жылатпай, жесірін қаңғытпай, мұқтажға қол ұшын созу – ұлтымыздың асыл қасиеттерінің бірі. Алайда соңғы уақытта қайырымдылық саласында орын алған кейбір келеңсіз оқиғалар осы түсініктерге қаяу түсірді.

Что угрожает единству общества? 

Депутат Мажилиса Парламента подозревает некие скрытые силы в проведении целенаправленной кампании по дестабилизации политической ситуации в стране с использованием социальных сетей и других онлайн-платформ.

Елімізде қаңтардағы демалыс күні ауыстырылды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылдың қаңтарындағы демалыс күнін ауыстыруды көздейтін бұйрық дайындады.

Депутат мектеп бағдарламасына жаңа пән енгізуді ұсынды

Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай мектеп бағдарламасына балалар Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасын зерттейтін жаңа пән енгізуді ұсынды.