Көлікті қай жерлерде жууға болмайды?

Ақмола облысының полицейлері азаматтарға автокөлікті тиісті емес жерде жуу айыппұл төлеуге әкелуі мүмкін екенін ескертті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Көлігіңізді өзенге, су қоймасына, су айдынына, құдыққа және көшеде жууға болмайды. Табиғатты қорғау полициясы тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Валентина Серкинаның айтуынша, өз көліктерін тиісті емес жерлерде жуған бұзушыларға жалпы қолданыстағы орындарды ластағаны үшін хаттамалар жазылады.

Көппәтерлі үйлердің аулаларында және су айдындарының жанында автокөліктерді жууға тыйым салынғандықтан, ол үшін 5 АЕК (18 460 теңге) дейін айыппұл салынуы мүмкін. Қаладағы автокөлік жуу орындарында автокөлікті жуу құны 2 000 теңгеден 5 000 теңгеге дейін екенін ескерсек, бұл үлкен сома.

«Егер сіз біреудің көлікті тиісті емес жерде жуып жатқанын көрсеңіз, бұл туралы дереу «102» желісіне хабарлауыңыз керек, өйткені аулаларда автомобильдер мен басқа да жеке мүліктерді жууға тыйым салынады. Жыл басынан бері өңірде жалпы қолданыстағы орындардың ластануына байланысты 5 000-нан астам бұзушылық тіркелді», — деп хабарлады полиция қызметкерлері.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.

Әлемде жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі өсті: ХЕҰ негізгі себептерді атады 

ХЕҰ мәліметінше, 2025 жылы 15-24 жас аралығындағы жастар арасындағы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 12,4%-ға жеткен

Алматыда LRT құрылысына дайындық басталды: Ол қашан іске қосылады? 

Алматыда LRT бірінші желісінің құрылысына дайындық жұмыстары жалғасып жатыр. Қазіргі кезеңде негізгі жұмыстар Б. Момышұлы және Төле би көшелерінде жүргізілуде.

Тамыздан бастап мерекелік төлемдерді ЖИ тағайындайды 

Еңбек министрлігі әлеуметтік қолдау шараларын цифрландыруды күшейтіп, бір өтініш арқылы қызмет алуға мүмкіндік беретін бірыңғай платформаны барлық өңірде іске қосты.