Заңгерлік кеңес: Ар-намысты қорғаудың тиімді әдістері

Соңғы уақытта ар-намысты, абыройды және іскерлік беделді қорғау үшін сот ісін жүргізу өзекті бола бастады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-бабында: «Адамның және азаматтың ар-намысы мен қадір-қасиетіне қол сұғылмайды» делінген. Қазақстандық заңгер Жәния Бодау абырой-беделді тиімді қорғау үшін қандай әрекеттер жасау керектігі туралы айтты:

«Ар-намыс деген не екенін ойлап көрдіңіз бе? Ар-намыс – құрметке лайық адамгершілік қасиеттер мен қағидалардың жиынтығы. Бұл – әдептілік, ізеттілік, адалдық, инабаттылық және, әрине, кір келтірмеген бедел», – дейді Жәния Бодау.

Тәжірибелі заңгер ретінде Жәния Бодау үнемі жала жабу істерімен бетпе-бет келеді.

«Жауапкершілік барлық қажетті шарттар орындалған жағдайда ғана туындайды. Мысалы: ақпарат қандай да бір жолмен таратылды, азаматтың немесе ұйымның беделін түсіреді, көп жағдайда таралған ақпарат шындыққа мүлдем сәйкес келмей жатады», — деп түсіндіреді Жәния Бодау.

Оның айтуынша, ақпараттың ар-намыс пен абыройға нұқсан келтіретінін анықтауға болатын екі белгі бар. Біріншісі – ақпараттың негативті  формасы, екіншісі – тексеру мүмкіндігі, мәлімдеменің негізділігін растау.

Адвокат сонымен қатар ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғау қажеттілігіне тап болғандар үшін кеңестермен бөлісті:

— Ақпараттың авторын анықтаңыз. Ең алдымен жалған ақпаратты кім таратқанын анықтау керек.

Тарату фактісін жазып алыңыз. Бұл қадам дәлелдемелік база үшін маңызды. Нотариуспен тіркеген дұрыс.

Адвокат жалдаңыз. Құқықтарыңызды кәсіби қорғауды қамтамасыз ету үшін ісіңізге тәжірибелі заңгерді тарту қажет.

Психологиялық және филологиялық зерттеулер жүргізу. Бұл зерттеуді таратылатын ақпараттың сипаты мен ықтимал әсерін анықтау үшін лицензиясы бар сарапшы жүргізуі керек.

Сотқа дейінгі талап арызды беру. Шағымда жауапкерден жалған мәліметтерді таратқандай теріске шығару, сондай-ақ моральдық зиянды өтеуді талап ету қажет.

Жауапкер талап арызды өз еркімен қанағаттандырудан бас тартса, адвокат сот арқылы әділдікке жету үшін сот талқылауына дайындалуды ұсынады.

Осылайша, ар-намыс пен қадiр-қасиетке нұқсан келтiретiн мәлiметтердi жоққа шығару және моральдық шығын мен нақты шығынды өндiру туралы талаппен жауапкер тұрған жер бойынша азаматтық сотқа жүгіну қажет.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 73-3-бабына сәйкес жала жапқандығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған полиция бөліміне және Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 408-бабына сәйкес жеке айыптау арызымен қорлау орны бойынша қылмыстық сотқа жүгіну қажет. Әдепсіздік пен ар-намысты қорлау  Қылмыстық кодекстің 131-бабы бойынша жауапкершілікке тартылады.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...