12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Мемлекеттік қызметшінің әдебі мен жемқорлыққа қарсы әрекеті

Елімізде мемлекеттік қызметкерлердің жүріс тұрысы, өзін өзі ұстауына қатысты арнайы этика жүйесі қалыптасқан. Ол арқылы мемлекетке, басқарушы орындарға сын көз қалыптасатын болғандықтан оның әрбір әрекеті белгілі бір әдеп пен этика нормасында сақталуы тиіс. Ал мемлекеттік қызметке мемлекет атынан және оның мүддесі үшін мемлекеттік бағдарламалар мен заңдарға сәйкес басқарудың әртүрлі салаларында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын азаматтардың еңбек қызметі кіреді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызметші құзыретті, жауапты, коммуникабельді болуы, жұмыс үдерісін ұйымдастыра білуі, салауатты сөйлей білуі халықпен ауызбірлікте жұмыс жасап және мемлекеттік қызметшінің әдеп нормалары мен этикетін сақтауы, қоғамдық орындарда өзін талапқа сай ұстай білуі керек.

Мемлекеттік қызмет әдебі кәсіби этиканың кіші түрі болып табылады және белгілі бір нормативтік актілермен реттеледі. Жалпы, мемлекеттік қызметшінің қызметі мемлекеттік конституциялық құрылысты қолдауға, мемлекеттік саясатты, оның ішінде муниципалдық басқару органдары саласында қалыптастыруға және іске асыруға бағытталған, сондай-ақ азаматтар мен мемлекеттің мүдделерін біріктіруге бағытталған.

Демек, мемлекеттік қызметшінің әдебі – мемлекеттік қызметші оның аясында әрекет етіп, шешім қабылдайтын ар-намыс пен адамгершілік кодексінің бір түрі. Кәсіби этика қызметкердің белгілі бір еңбек міндеттерін орындау кезінде ұстануға тиісті нақты мінез-құлық ережелерін қамтиды. Мемлекеттік қызметші жемқорлық фактілерінен де бойын аулақ ұстап, сыбайластыққа бармауы қажет. Соңғы жылдары елімізде бірнеше шенеунік, лауазымды қызметкерлер жемқорлық деректері бойынша айыпталды. Яғни олардың жемқорлыққа қатысты әрекеттері қатаң айыпталады.

Мемлекеттік қызметші ең алдымен Қазақстан Республикасының Конституциясын және оның қызметін реттейтін заңнамалық және ішкі тәртіптік ережелерін сақтауға міндетті. Осыны негізге ала отырып, мемлекеттік қызметшінің негізгі этикалық қағидаттары заңдылық, әділдік және құқық үстемдігі болып табылады.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің этикалық мінез-құлқының негізгі қағидаттарының біріне мүддесіздік қағидаты кіретін жоғары моральдық принциптер жатады. Мемлекеттік қызметші қоғамдық мүдделерді жеке мүдделерінен жоғары қоюға, адалдық, тәуелсіздік, сыпайылық және т.б. адамгершілік принциптерін сақтауға міндетті.

Б.Т. Туртбаева, Ұлытау облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот әкімшісінің басшысы

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...

Сот азаматтың тұрғын үй құқығын қорғады

Талап қоюшы 2011 жылдың сәуір айынан бастап «жасына байланысты...

Кассациялық соттың құрылуы және қызметі

«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан...