ӨҢІРДЕГІ ІШКІ ӨНІМНІҢ ҮЛЕСІ ЖОҒАРЫ

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, Ақмола облысының өңірлік ішкі өніміндегі өсім 2018–2023 жылдары 2,75-тен 3,06 пайызға дейін ұлғайған. Ол еліміздің жалпы ішкі өнімдегі үлесі тұрақты өңірлердің қатарында тұр.

Егер Ақмола облысының жалпы өңірлік ішкі өнімінің құрылымына көз жүгіртсек, көңіл қуантар көрсеткіштерді экономиканың көптеген саласынан байқауға болады. Мәселен, 2018–2023 жылдары оның ауыл, орман өсіру және балық шаруашылығындағы үлесі 6,38-ден 8,49 пайызға; өнеркәсіптегі үлесі 2,49-дан 3,91 пайызға; кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 0,54-тен 1,12 пайызға өскен. Сондай-ақ мұндай оң динамиканы өңдеу өнеркәсібінен, электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтаудан, құрылыстағы үлестен, көлік және қоймалаудағы үлестен байқауға болады. Тек ақпарат және байланыста 1,06-дан 0,77 пайызға; көтерме және бөлшек саудада; автомобильдерді және мотоциклдерді жөндеуде 2,12-ден 1,24 пайызға; сумен жабдықтау; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызметте 2,90-нан 2,29 пайызға; жылжымайтын мүлікпен жасалатын операцияларда 3,65-тен 3,42 пайызға төмендеген. Осыған қарамастан өңірдегі тұрақтылық биыл да өз жалғасын тапқан. Егер былтырғы және биылғы алғашқы тоқсандағы көрсеткіштерді салыстыратын болсақ, Ақмола облысының еліміздің жалпы ішкі өніміндегі үлесі 2,91-ден 2,93 пайызға дейін көтерілген. Сондай-ақ жалпы, өңірлік өнімнің құрылымында да өзгерістер жеткілікті. Еңбек өнімділігінің индекстері биыл алғашқы тоқсанда, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда жалпы экономика бойынша 102, 9 пайызды құрады. Мұнда ең жоғары өсім құрылыс пен қаржы және сақтандыру қызметінде тіркелді. Сонымен қатар, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда; тамақтану бойынша қызметтерде; кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда; ақпарат және байланыста; ауыл, орман және балық шаруашылығында; сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда; денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтерде; міндетті әлеуметтік қамтамасыз етуде де өсім біршама жоғары болды. Жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар; өнер, ойын-сауық және демалыста; өзге де қызметтер түрін ұсынуда ол 100 пайызды көрсетті. Биыл алғашқы тоқсанда жалпы өңірлік өнім көлемі Ақмола облысында 763 320,1 млн теңгені құрады. Ол 2023 жылы – 687 254,4 млн теңге, 2022 жылы – 562 555,4 млн теңге көлемінде болған еді. Ал оны жан басына шаққанда биыл 968,4 мың теңгені, былтыр 871,8 мың теңгені, алдыңғы жылы 766,7 мың теңгені құраған еді.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Шетелдік гранттар туралы сұрақ баспасөз мәслихаты кезінде Төреғожинаны тығырыққа тіреді

Бүгін Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросында 2022 жылғы...

АДАЛ АЗАМАТ – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Адалдық – адам бойындағы ең асыл қасиеттердің бірі. Адал...

Бітімге келу – ұтымды шешім

Қоғамда адамдар арасында әртүрлі себептерге байланысты дау-дамайлар мен келіспеушіліктер...

Атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру – әділетті құқықтық жүйенің талабы

Кез келген құқықтық мемлекеттің беделі әділ заңдардың қабылдануымен немесе...

Впервые для Центральной Азии: тысячи светящихся браслетов станут частью шоу Энрике Иглесиаса

Стали известны новые детали и особенности предстоящих концертов Энрике...