9 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін жарыс жолына кімдер шығады?

Париж Олимпиадасы да аяқталып келеді. Бүгін 6 спорт түрінен отандастарымыз бақ сынайды. Қазақстандықтар ойындарды Qazsport, Qazaqstan, «Хабар», «Ел Арна» және Jibek Joly арналарынан тікелей эфирде тамашалай алады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгінде Қазақстан құрамасының қоржынында 1 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль бар. Дзюдошы Елдос Сметов Олимпиада чемпионы атанса, Ғұсман Қырғызбаев қола медаль алды. Ал Олимпиаданың ең алғашқы жүлдесін мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле аралас жұптық сайыста жеңіп алған еді. Спорттық гимнастикада Нариман Құрбанов тарихи күміс жүлдеге қол жеткізді. Бокстан қыздар арасында Назым Қызайбай қола алды.

Кеше финалда бақ сынаған балуан Демеу Жадыраев пен боксшы Нұрбек Оралбай күміс жүлдегер атанды.

Бүгін жарыс жолына шығатын спортшыларымызға сәттілік серік болсын.

• Таеквондо. 1/16 финал
12:00. Батырхан Төлеуғали – Исмаел Кулибали

• Еркін күрес. 1/8 финал (125 кг)
15:00. Юсуп Батырмұрзаев – Роберт Баран

• Каноэ есу. Жұптық сын. 500 м.
15:40. Мария Бровкова, Руфина Искакова

• Байдарка есу. Жұптық сын. 500 м. «В» финалы
16:20. Бекарыс Раматулла, Сергей Токарницкий

• Заманауи бессайыс. Жартылай финал. Семсерлесу, жүзу, конкур, лазер-ран
16:00. Георгий Борода-Дудочкин

• Жеңіл атлетика. 10 000 м жүгіру. Финал
23:57. Дейзи Джепкемей

Елімізде 16 нотариус лицензиясынан айырылды

Қазақстанда нотариустардың қызметіне бақылау күшейіп келеді.

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Мемлекет басшысы академияның 180 балаға арналған жатақханасын аралап көрді. Қазір мұнда еліміздің әр түкпірінен келген 116 бала жаттығады.

Футболдан әлем чемпионаты: Барлық матчтардың кестесі 

Мундиальдың барлық матчтарын Қазақстаннан тамашалауға болатыны айта кетейік.

Қазақстан энергия тапшылығын 2027 жылға қарай толық жоймақ 

Биыл елімізде жалпы 126,5 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндіру жоспарланып отыр.

“Созбаққа салсақ, іс тоқырады деп санай беріңіздер“. Тоқаев Алатаудың құжаттарын қабылдауға уақыт берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алатау қаласын дамыту жөніндегі кеңесте...