7 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Tengri Sport сәрсенбі, 7 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа қатысу бағдарламасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

13:40 Ескек есуден спринт жарыс, жалғыз байдарка есу, 1000 метр, ерлер арасындағы біліктілік. Қазақстан атынан Раматулла Бекарыс қатысады.

14: 00 грек-рим күресі, 87 келі, ерлер арасындағы 1/8 финал. Нұрсұлтан Тұрсынов пен Mohamed Metwally (Египет) күреседі.

14:40 Жалғыз каноэ есуден спринт, ерлер арасында 1000 метрге іріктеу. Сергей Емельянов қатысады.

15:37 Таэквондо, ерлер арасында 58 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Самирхон Абабакиров пен Vito Dell’Aquila (Италия) бақ сынасады.

15:45 трек веложарысы, спринт, ерлер арасындағы біліктілік. Қазақстан атынан Андрей Чугай қатысады.

01:51 (8 тамыз) Бокс, 80 келіге дейінгі салмақта финал. Нұрбек Оралбай Александр Хижнякпен (Украина) жұдырықтасады.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.