Қазақстанда 1 қыркүйек демалыс күні болып белгіленуі мүмкін бе?

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда 1 қыркүйек мереке күні болуы мүмкін бе деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысында журналистер шенеуніктен 1 қыркүйекті демалыс күні деп жариялауға бола ма деген сұрақ қойды. Сонда ата-аналар аптаның қай күніне сай келгеніне қарамастан балаларын мектепке апара алады.

«Мен сізді түсіндім, осындай ұсыныс жасауға тырысамыз, егер дәлел келтірсеңіз, мен де оған қосыламын. Менің ойымша, бұл жақсы идея: күнтізбеде қызыл күн ету. Бұл қызықты ұсыныс. Қоғам қолдаса, әрине, мен әрқашан «жақтаймын», – деп жауап берді Ғани Бейсембаев.

Санжар Боқаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды

Алматының Алмалы аудандық сотында қоғам белсендісі Санжар Боқаевқа қатысты үкім жарияланды.

Рұқсат пен тыйым. Бас прокуратура депутаттарды сайлау алдында үндеу жариялады

Қазақстанда 29 қарашада мәслихат депутаттарын сайлау өтеді. ҚР бас прокурорының орынбасары Ерлан Өтегенов сайлау алдында үндеу жариялады. Ол үгіт жүргізуге тыйым салынған кезеңде үгіт-насихат жасауға болмайтынын ескерті.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Елде кітапхана салуға көбірек көңіл бөлу керек 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елде кітапханалар санын көбейту қажеттігін айтты. Мемлекет басшысы Мәскеуде өткен AI Journey 2026 конференциясында оқушылар мен студенттер алдында сөйлеген сөзінде кітап оқу мәдениетіне ерекше көңіл бөлу керектігін жеткізді.

Желтоқсан айында елімізде не қымбаттайды? 

Желтоқсан айында қазақстандықтарды бірқатар баға өзгерісі күтіп тұр. Tele2 және Altel кейбір тарифтерінің абоненттік төлемін 300 теңгеден 2 000 теңгеге дейін көтереді. СДЭК жеткізу қызметінің бағасын өзгертеді, ал Freedom Bank биржалық ноталарды сатып алу комиссиясын арттырады. Астанада қоғамдық көліктегі жолақы 110 теңгеден 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.

Таяу Шығыстағы шиеленіс мұнай бағасын шарықтатты: Brent $100-ға жақындады 

Brent маркалы мұнай бағасы 27 қараша, жұма күні соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткішке жақын деңгейде саудаланып жатыр. Бұған Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуі, Ормуз бұғазында танкерлерге жасалған шабуылдар және Сауд Арабиясының энергетикалық нысандарына соққы жасалуы себеп болған.