«Қызмет беруші мектебі» жобасы аясында «Қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша түсіндіру»  семинары өткізілді

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен сервистік және клиентке бағдарланған мемлекеттік аппаратты қалыптастыруға бағытталған қадамдық жоспарға сәйкес, «Қызмет беруші мектебі» жобасы аясында «Қызмет көрсету сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша түсіндіру» тақырыбында заңнамалардың сақталуы бойынша, оның ішінде бұзушылықтардың негізгі түрлері және қызмет  көрсету тиімділігін арттыру бойынша семинар өткізілді.       

Семинарға Алматы қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті, қорғаныс істері департаменті, полиция департаменті, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, сондай-ақ Алматы қаласы цифрландыру басқармасы, жер қатынастар басқармасы, қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының қызметкерлері қатысты.

Жобаның негізгі мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын ережелерді түсіндіріп қана қоймай, олардың ақпараттық жүйелерде практикалық қолданылуын терең жеткізеді. Сонымен қатар, бұл жоба қызмет көрсету тәртібінің ерекшеліктері мен нюанстарын егжей-тегжейлі зерделеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар семинар барысында 2024 жылдың I жартыжылдың қорытындысы бойынша жүргізілген талдау нәтижиелері талқыланды. Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық органдарына  және жергілікті атқарушы органдарға ішкі бақылау жұмыстарын күшейту ұсынылды.

Аталған жоба қызмет көрсетумен айналысатын мамандардың біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу үшін бірегей платформа болып табылады. Интерактивті форматтың және жобаның практикалық бағыттылығының арқасында мемлекеттік қызметтердің сапасын жақсартуға және халықтың қанағаттану деңгейін арттыруға мүмкіндік береді.

Надежный мост между государством и обществом 

В этом году административная юстиция Республики Казахстан отмечает 5-летие...

Правовой компас 

С 1 СЕНТЯБРЯ 2026 ГОДА В УЧЕБНОМ РАСПИСАНИИ КАЗАХСТАНСКИХ...

«Вершины, которые мы выбираем»

1 ИЮЛЯ 2026 ГОДА – ДАТА, КОТОРАЯ ВОЙДЕТ В...

Ментальность карманника: жизнь за чужой счет 

КАРМАННАЯ КРАЖА СУЩЕСТВУЕТ РОВНО СТОЛЬКО ЖЕ, СКОЛЬКО СУЩЕСТВУЮТ МНОГОЛЮДНЫЕ...

Цена одной процессуальной ошибки

В 2021 ГОДУ КАЗАХСТАН СДЕЛАЛ ОДИН ИЗ САМЫХ СЕРЬЕЗНЫХ...