«Ардагерлерді ардақтайық» және «Кедергісіз келешек» партиялық жобалары аясында зейнеткерлердің мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтті

«AMANAT» партиясының қатысуымен «Ардагерлерді ардактайық» және «Кедергісіз келешек» партиялык жобалары аясында зейнеткерлердін мемлекеттік органдар өкілдерімен кездесуі өтті. Кездесуге 38 адам қатысты.

Аталған іс-шараға Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы Ш.Әлімхан қатысып, Департаменттің негізгі құзыреттерін атап өтті.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметтер алу барысында туындаған мәселелер, мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдепті және қызметкерлермен мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарын ұстанбау бойынша сұрақтармен тікелей Департаментке жүгінуге болатындығын түсіндірді.

Бұдан бөлек, зейнеткерлермен мемлекеттік қызметтер алу барысында құқықтары мен заңды талаптары бұзылған немесе шектелген жағдайда, Департаментпен тиісті шаралар қабылдау арқылы олардың құқықтарын қалпына келтіруге  болатындығын айқындады.

Кездесуге қалалык мәслихат депутаты, партияның АҚФ төрағасының орынбасары, Алматы қаласының прокуратура өкілі, Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысының орынбасары, Қаржы басқарма басшысының орынбасары және тағы басқа мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Жиын барысында зейнеткерлермен зейнетакы телемдерін арттыру, жергілікті бюджеттін бөлінуі, азық-түлік өнімдері бағасының өсуін реттеу, жылжымайтын мүлікке салынатын салықтардың пайдалануына қатысты сұрақтар көтерілді.

Бұдан бөлек, мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған «Қадамдық жоспардың» «Көсбасшы» қадамы аясында мемлекеттік қызметшілердің жетістіктеріне арналған «Мемлекеттік қызмет қаһарманы» науқаны өткізілді.

Науқан аясында мемлекеттік қызметте және одан да тыс өмірде мемлекеттік қызметшілердің жетістіктері айтылды.

Жиын нәтижесі көрсеткендей, мемлекеттік қызметшілер тек жұмыс уақытында ғана емес, жұмыстан тыс уақытта да үлкен жетістіктерге жетеді.  

Мемлекеттік қызмет істері агентігінің Алматы қаласы бойыша департаментінің бас маманы Д.Олжабаев

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...