2 тамыздағы жарыс кестесі. Бүгін кімдер жарыс жолына шығады?

Tengri Sport жұма, 2 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

12:30 Оқ ату, скит, ерлер арасында біліктілік. Эдуард Ещенко қатысады.

12:54 Ескек есу, жекелей, ерлер арасында финалдық жарыс. Владислав Яковлев қатысады.

13:00 Дзюдо, әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта 1/16 финал. Камира Берликаш пен Adiyasuren Amarsaikhan (Моңғолия) күш сынасады.

13:15 Жеңіл атлетика, биіктікке секіру, әйелдер арасындағы біліктілік. Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.

14:00 Жүзу, 100 метрге баттерфляй әдісі, ерлер біліктілігі. Әділбек Мусин қатысады.

16:30 Семсерлесу, топтық шпага, 1/4 финал. Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен бақ сынасады.

20:22 Бокс, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финал. Нұрбек Оралбай мен Murad Allahverdiyev (Әзербайжан) жұдырықтасады.

21:00 Батутта секіру, ерлер арасында біліктілік. Данил Мұсабаев қатысады.

23:00 Бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Карина Ибрагимова мен Ashleyann Lozada Motta (Пуэрто-Рико) жұдырықтасады.

00:20 (3 тамыз) Бокс, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Сәкен Бибосинов пен Hasanboy Dusmatov (Өзбекстан) күш сынасады.

Нұрсұлтан Назарбаев референдумда дауыс берді

Нұрсұлтан Назарбаев "Астана Опера" театры аумағында орналасқан дауыс беру учаскесінде таңдау жасады.

Референдум: Ел бойынша 4,6 млн-нан астам адам өз таңдауын жасады 

Абай облысында келу деңгейі 41,93%-ды құрады. Ақмола облысында бұл көрсеткіш 44,66%, Ақтөбе облысында – 45,73%. Алматы облысында – 40,41%, Атырау облысында – 42,29%. Батыс Қазақстан облысында – 36,59%, Жамбыл облысында – 35,86%.

Президент республикалық референдумда дауыс берді

Елімізде жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сайлау учаскесіне келіп, республикалық референдумда дауыс берді.

Вице-президент лауазымы не үшін қажет? – Мемлекет басшысы жауап берді 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев журналистердің вице-президент лауазымына қатысты сұрағына жауап берді.

Референдум-2026: дауыс беру учаскелеріне халық лек-легімен келуде

Бүгін қазақстандықтар таң бозынан республикалық референдумға қатысу үшін ерекше...