12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Конституция күні

Конституция – Тәуелсіздік тірегі. 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда жаңа Конституция жобасы қабылданды. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі.сонымен қатар тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Конституциясы бірнеше рет толықтырып, 1998, 2007, 2011 және 2017 жылдары өзгерістер енгізілді.Конституция – біздің барша табыстарымыздың бастауы.Ата заң – мемлекеттік құрылыммен қатар жариялы – билік институтын белгiлейтiн ереже ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттің қандай кұндылықты сақтау керек екендiгiн айқындайтын басты құжат. Конституция қағидаларын жүзеге асыру қоғам мен мемлекеттің өсiп – өркендеуiне, адам құқығының сақталуына, бiрлiк пен тұрақтылыққа жол ашады. Заңды білу – заман талабы. Бүгінде Қазақстан Республикасында демократияға бағытталған құқықтық мемлекет кұру идеясын жүзеге асыру үшін әрбір азамат өз құқықтарын жете білуі, соған сай сана – сезімдерін қалыптастыру керек. Азаматтың міндеті – заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан, өзіне жүктелген міндетін орындау. Өйткені заң дегеніміз – өмірдің нәрі. Заңның мықтылығы – адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең басты мақсаттары – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу.                      

Мерзімді басылымдардан конституция куніне арналған мақалалар. Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.

                                                              Ақмола облысының Кәмелетке толмағандардың

                       істері жөніндегі мамандандырылған

                                             ауданаралық сотының әкімшісінің

   бас маманы А.Дайыркен

ҰҒОО СҮЙЕК КЕМІГІН ТРАНСПЛАНТАТТАУ САНЫН ЖЫЛЫНА 180-ҒА ДЕЙІН АРТТЫРУДЫ ЖОСПАРЛАП ОТЫР 

2025 жылдың алғашқы алты айында Ұлттық ғылыми онкология орталығында...

Прозрачно, понятно и необременительно 

Минфин развернул во всех регионах страны информационную кампанию, направленную...

На службе юстиции

Современное общество сталкивается с множеством правовых вызовов, и доступ...

Пресечено злостное нарушение

Проблемы наркозависимости, незаконного оборота наркотиков и табакокурение являются одними...