Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
2024 жылғы Мемлекеттік қызметшінің кәсіби-тұлғалық болмысын жетілдіруге бағытталған қадамдық жоспар аясында, 2024 жылдың 26 шілдесінде Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментімен «Мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарына тағайындау барысында біліктілік талаптарына сәйкестігі» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке Алматы қаласы бойынша 65 мемлекеттік органның персоналды басқару қызметінің қызметкерлері және 26 Әдеп жөніндегі уәкілдер қатысты.
Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға үміткер азаматтар белгіленген біліктілік талаптарына сай болуға тиіс.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптары мемлекеттік орган мен оның құрылымдық бөлімшелері қызметінің негізгі бағыттары, мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық өкілеттіктері ескеріліп әзірленеді.
Біліктілік талаптары мемлекеттік лауазымдарға тағайындауға құқығы бар лауазымды адам (орган) уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен келісу бойынша Үлгілік біліктілік талаптарының (ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 5 сәуірдегі № 71 бұйрығымен бекітілген) негізінде бекітеді.
Аталған сұрақтар және мемлекеттік қызметке іріктеу мен өткеруге қатысты басқа да заңнама талаптары семинар барысында түсіндіріліп, мемлекеттік органдардың кейбір кейстері қарастырылып талқыланды.
Бұдан бөлек, Департаментпен жүргізілген мониторинг барысында білімі бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметшілерін лауазымға тағайындаудың 2 фактісі анықталды.
Аталған мониторинг қорытындысы кезекті Әдеп жөніндегі кеңес отырысында қаралып, мемлекеттік органның атына тиісті ұсыныстар енгізілді.
Әдеп жөніндегі кеңеспен берілген ұсыныстарды орындау қорытындысы бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейтін қызметкерлерді тағайындау туралы 2 мемлекеттік органдардың шешімдерінің күші жойылды, сондай-ақ бұзушылыққа жол берген кінәлі тұлғаның тәртіптік жауапкершілігі қарастырылды.
Департаментпен бұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, тиісті түсіндіру жұмыстары өткізіледі, сонымен қатар құзырет шеңберінде тиісті шаралар қабылданады.
Мәселен, Әдеп жөніндегі уәкілдермен қызметкерлер арасында анонимді сауалнамалар жүргізіледі, оның қорытындысы бойынша ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуал, қызметкерлердің лауазымға ауысу туралы тілектері және жұмыстағы басқа да тілектері анықталып, тиісті шаралар қабылданады.
Кәсіби кадрларды мемлекеттік қызметке тарту, ұстап қалу және дамыту үшін барлық шаралар қабылдануда.
2024 жылғы 1 жартыжылдық қорытындысы бойынша меритократия қағидаты бойынша ішкі конкурстың нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы органдарда тағайындалғандардың үлесі 84% құрады.
Сонымен қатар, Қазақстанның мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді.
Аталған тұжырымдама бойынша мемлекеттік дамыту адалдық пен ашықтық, меритократия, икемділік, үздіксіз оқыту, клиентке бағдарлану, прагматизм, жауапкершілік және есептілік атты қағидаттарға негізделеді.
Осы бағытта Департаментпен жұмыс жалғастырылады.
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы Л.Н.Науқанбай