Цифрландыру саланы серпілтті

Бірнеше жылға шегініс жасасақ, қазіргідей электронды соттың қызметтерін елестетудің өзі қиын еді. Себебі, сотқа адамдар талап арыз беру үшін кезекке тұратын, сот процестеріне келіп қатысатын. Әсіресе, бұл қаладан шалғайда жатқан аудан-ауыл тұрғындары үшін қолайсыздық туғызып жататын. Үнемі ізденіс пен тәжірбиелі мамандардың қызметінің нәтижесінде Қазақстан санаулы уақыттың ішінде “Цифрлық Қазақстанға» айналды. Деректерге сүйенсек, қазір еліміз цифрландыруды дамыту деңгейі бойынша әлемдік рейтингте Латвия, Эстония және Сингапурдан кейінгі 4-ші орында тұр екен. Оның ішінде соттағы ақпараттық технологиялар сот төрелігінің жеделдігі мен ашықтығын арттырып отыр. Ақпараттық жүйелер мен сервистердің қатарында «Төрелік» жүйесі, сот органдарының интернет-порталы, «Сот кабинеті» сервисі, электрондық тарату жүйелері бар. Бүгінде әрбір сотқа жүгінуші үйде немесе үйден тыс жерде де кедергісіз соттың қызметтеріне оңай қол жеткізіп, сот отырыстарына қашықтықтан қатыса алатын деңгейге жетті десек артық айтқандық емес. Жалпы соттағы ақпараттандыру құжаттарды қабылдаудан бастап, талап-арыздар мен істерді автоматты түрде бөлу, сот талқылауынан, шешімдер мен атқарушылық құжаттарды беруге дейін сот қызметінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Өңірдегі сот отырысының залдары толығымен дыбыс-бейнежазба құрылғыларымен жабдықталған, яғни «тайға таңба басқандай таңбаланған» сот процестері барысының таспаға жазылуы ешкімнің таласын туғызбайды. Осылайша, сандық технологияны тәжірибеге енгізудің  нәтижесінде, судьялардың іс-әрекетіне қатысты шағымдар азайып, сот қызметтеріне қолжетімділік жеңілдегенін, қатысушыларды да тәртіпке келтіргенін айта кеткен жөн. Одан бөлек, сот отырысы хатшысының жұмысын едәуір жеңілдетті. Себебі, жүйе дайындаған қысқаша хаттаманы басып шығарып, оған аудио-бейнежазбалар тіркеледі. Бұрын сот отырысының хатшылары хаттаманы қағазға қолмен немесе жазу машинасымен түсіретін. Сондай-ақ, қазіргі таңда сот істерінің басым көпшілігі электронды форматта қаралу үстінде. Өз кезегінде бұл әдіс  қағазбастылықты біршама азайтты. Тіпті, азаматтардың сотқа келуге мүмкіндігі болмаған жағдайда, смартфонның көмегімен виртуалды түрде сот отырысына қатыса алатын деңгейге жетті.

Бүгінде еліміздің сот жүйесіндегі ең танымал сервистің бірі – «Сот кабинеті». Аталған жүйе арқылы сотқа талап арыз, шағым, өтініш, пікір, қарсы талап арыз немесе өтініш  жолдап, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, медиацияны электрондық түрде жүргізуге өтінім бере алады. Осы орайда, «Сот кабинетінің» мобильді нұсқасы іске қосылған, яғни сотқа жүгінуші аталған жүйеге кіру үшін компьютер іздеп әлекке түспейді. Қолындағы ұялы телефонның көмегімен де тиімді қызмет түрлеріне оңай қолжеткізуде. Сондай-ақ, сайтта немесе «Smart-сот» телеграм-боты арқылы жиі туындайтын сұрақтарға жауап алуға болады. Тіпті, соттарда әлеуметтік желі арқылы қойылған сұрақтарға да дереу және сапалы жауап беру шешімін тапқан. Мұндай озық технологияларды тәжірибеде қолдану судьялар мен сот отырысы хатшыларының жұмысын оңтайландырып ғана қойған жоқ, көпшілікке тиімділігін тигізуде. Тікелей адамның қатысуынсыз цифрлық жүйенің көмегімен жүзеге асырылатын қызметтер жеделділігімен әрі қолжетімділігімен қоғамның көңілінен шығуда.

Мемлекет басшысы «Цифрландыру – сәнге айналған үрдіске ілесу емес, ұлттың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың негізгі құралы», — деген еді. Тұтас қоғамның сотқа деген сенімін ұлғайтып, сот жүйесінің жариялылығына жол салып отырған  цифрландыру жұмыстары мұнымен тоқтамақ емес.

Арыстанбек Бекболатов, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы

Госслужащие Караганды продемонстрировали высокий уровень читательской культуры в проекте «Читающая нация»

В Карагандинской области завершился финальный этап направления «Читающий государственный...

Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелері Абай облысына іс-сапарға барды

         Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Әкімшілік әділет – «Еститін мемлекет» идеясының жарқын мысалы

Түркі халықтарына ортақ ойшыл, жырау, қобызшы Қорқыт атамыздың: «Өткен...

Административная юстиция – яркий пример идеи «Слышащего государства»

2021 году правовой сфере Казахстана появился и начал функционировать...