КӘСІПКЕРЛЕР ҚОЛДАУДАН КЕНДЕ ЕМЕС

Қазақстанда бизнесті қолдау мен дамытуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Бұл бағдарламалар кәсіпкерлерге тұрақты өсу және нарықтағы позицияларын нығайту үшін қажетті ресурстар мен мүмкіндіктер береді. Осы бағыттағы жемісті жұмыстардың бірін Ақтөбе облысы кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев таныстырды.

Ақтөбе облысы шағын және орта бизнес саласында мемлекеттік қолдауға ие болған жобалар саны бойынша Қазақстандағы жетекші орынды сақтап келеді. Кәсіпкерлік басқарманың мәліметінше, облыс жобаларды субсидиялаудан да, кепілдік беруден де алдыңғы орында. – 2024 жылы кәсіпкерлерді қолдауға мемлекеттік бюджеттен 14,7 млрд теңге бөлінді. Оның 11,2 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 3,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен бөлінген. 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша, 780 жоба қолдау алды, бұл жоспарланған 1847 жобаның 42 пайызын құрайды. Оның 31 пайызы (127 жоба) облыста жүзеге асырылуда, – дейді Алмас Сағнадинұлы. Спикердің айтуынша, 2023 жылдың басынан бері облыста Хромтау моноқаласында кәсіпкерлерді несиелендіруге бағытталған ШОБ-ты дамыту бағдарламасы жұмыс істеуде. Бағдарламаға облыстық бюджеттен 500 млн теңге, «Даму» қорынан 1 млрд теңге және «Қазхром» компаниясынан 500 млн теңге қаржы бөлінбек. Жалпы, жоба бюджеті 2 млрд теңгені құрайды. Бүгінгі таңда 1,6 млрд теңгенің 80 жобасы мақұлданған. – 2024 жылғы 1 маусымдағы ШОБ секторындағы жұмыстың негізгі нәтижелері: – ШОБ белсенді субъектілерінің саны – 83,1 мың, бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 94,7%-ды құрайды.

– Тіркелген ШОБ субъектілерінің саны 91,7 мыңды құрады немесе 2023 жылы 97 мың болған. – 2023 жылы ШОБ субъектілері өндірген өнім көлемі 2,2 трлн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (1,8 трлн теңге) 10,9%-ға артық. – ШОБ секторында жұмыспен қамтылғандар саны 179,5 мың адамды құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда (181,9 мың) 1,3%-ға аз. – ШОБ субъектілерінің облыс экономикасындағы үлесі 27,4%-ды құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден (25,2%) 2,2 пайыздық тармаққа жоғары, – дейді Алмас Сағнадинұлы.

Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлік те қарқынды дамып келеді. Алдын ала мәліметтер бойынша, су тасқынан 100-ден астам ШОБ нысаны зақымданған. Тізілімге 16 субъекті тіркеліп, 2024 жылғы су тасқынынан зардап шеккен кәсіпкерлердің мүліктік шығынын өтеу үшін аймақтық комиссия құрылған. Жалпы, 2024 жылы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларына өзгерістер енгізілген. Субсидиялауға сараланған тәсіл енгізіліп, түпкілікті қарыз алушы үшін мөлшерлемені 7-ден 10%-ға дейін арттыру, қызмет көрсету саласындағы жобаларды субсидиялау мерзімін бес жылдан үш жылға дейін қысқарту жоспарланған. Бюджет қаражатын бөлу кезінде 50%-ы өңдеуге және өндіруге, 30%-ы қызмет көрсетуге, 20%-ы шағын кәсіпкерлерге қарастырылған. Ақтөбе облысында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша іс-шаралар сәтті жүзеге асуда, бұл өңір экономикасының өсуіне ықпал етері анық.

Нұрбол ЖЫЛЫС, «Заң газеті»

Мемлекеттік қызметкердің әдеп және мінез-құлық нормалары

Қоғамның мемлекетке деген сенімі көбінесе мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби біліктілігіне...

Сот жүйесіндегі жасанды интеллекттің рөлі

Қазіргі уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы мемлекеттік басқарудың барлық...

Сотқа шақыру қағаздарын жіберу тәртібі

Сотқа шақыру қағазы — соттың тараптарды (талапкер, жауапкер, куә,...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМИ ЖОБАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ САММИТ КӨРМЕСІНЕ ҚОЙЫЛДЫ

Бүгін Астана қаласында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Өңірлік...

АПОСТИЛЬ – ҚҰЖАТТАРДЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДЕҢГЕЙДЕ ТАНУДЫҢ ТИІМДІ ҚҰРАЛЫ

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі,...