БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ГАЗ БЕН СУ МӘСЕЛЕСІ ТОЛЫҚ ШЕШІЛГЕН

Мемлекет басшысы былтырғы жолдауында елді газбен қамтамасыз етудің өзектілігін атап өтіп: «Су ресурсы – еліміздегі өзекті мәселенің бірі. Әсіресе, судың сапасы және оның халыққа қолжетімді болуы аса маңызды болып тұр», – деген еді.

Елді мекендер үшін маңызы зор газдандыру мәселесі Жамбыл облысының Байзақ ауданында толық шешілген. Аймақтағы 43 елді мекен 100 пайыз көгілдір отынмен қамтамасыз етілген. Ал халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету 95,9 пайызды құрап отыр. Бүгінгі таңда мұндағы 43 елді мекеннің 38-і немесе 88,4 пайызы ауыз сумен қамтылған. Бұл аудан халқының 101 207-сін немесе 95,9 пайызын құрап отыр. «37 елді мекенге «Байзақ су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны қызмет көрсетсе, Қайнар елді мекенінің тұрғындары әскери бөлімше арқылы ауыз сумен қамтамасыз етілуде. Аққия және Қосақ ауылдарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етудің негізгі құрылыс жұмысы аяқталған және қазірге тек абаттандыру жұмысы қалып отыр», – дейді Байзақ ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов.

Оның айтуынша, маусым айынан бастап Шахан елді мекенін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету үшін 328,3 млн теңге қаржы қарастырылып, құрылыс жұмысы жүргізілуде. Қосақ, Төрткүл, Жаңасаз елді мекендерін орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамту мақсатында 1 млрд 90 млн теңгені құрайтын жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. «Аудан аумағында жалпы 132 шақырымды құрайтын аудандық маңыздағы автомобиль жолдары және 421,1 шақырымды құрайтын 434 елді мекен көшелері орналасқан. 2023 жылмен салыстырғанда биыл аудандық маңызы бар жолдардың үлесін 95-тен 98 пайызға, елді мекен көшелерін 92,3-тен 93 пайызға дейін жеткізу жоспарлануда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында жалпы саны 37 көшеге орта жөндеу жұмысын жасау жоспарланған. Сондай-ақ «ҚР көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына» сәйкес, «Сарыкемер-Мырзатай» бағытындағы ұзындығы 8,9 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар автомобиль жолын орташа жөндеуге қаржы қарастырылып, бүгінгі күнде мемлекеттік сатып алу рәсімі жүргізілуде», – деген Бақыт Алпысбайұлы Байзақ ауданында тұрғын үй мәселесі де кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанын мақтанышпен атап өтті.

Өңір басшсының айтуынша, жаңа массивтер мен көпқабатты үйлер бой көтеруде. Жыл басынан бері 11,7 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілсе, жыл соңына дейін 37,3 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланып отыр.

Е.КЕБЕКБАЙ, «Заң газеті»

Тіл – ел тірегі

Тіл – әр халықтың ең басты байлығы мен рухани...

Ценности, приоритеты, вызовы

Конституционная реформа в Казахстане стала важным этапом модернизации государственного управления и укрепления принципов демократического правового государства. Как известно, с 1 июля 2026 года в нашей стране вступает в законную силу новая Конституция. В этой связи в Казахском национальном университете им. аль-Фараби 2 июля состоится Международная научно-практическая конференция на тему: «Новая Конституция Республики Казахстан: новые ценности, новые вызовы, ответственность перед будущими поколениями».

Направление дела судом прокурору

В соответствии со ст. 323 Уголовно-процессуального кодекса Республики Казахстан,...

Об особенностях назначения на должности судей

АДМИНИСТРАТИВНЫЙ ПРОЦЕДУРНО-ПРОЦЕССУАЛЬНЫЙ КОДЕКС РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ЗА ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ СТАЛ...

АТА ЗАҢ — АЗАТ ЕЛДIҢ АР-НАМЫСЫ

1 шілдеден бастап жаңа Конституциямыз қолданысқа енеді. Бұл – Қазақстан тарихындағы айтулы оқиға. Себебі, осы күннен Қазақстанның құқықтық шежіресінің жаңа парағы ашылып, жаңа кезеңі басталады.