Түрксіб ауданында «JAS FEST-2024» демалыс орталықтар фестивалі өткелі жатыр

Ағымдағы жылдың 30-ші шілдесінде Тілеуберді Сауранбаев  көшесі бойындағы Арбат алаңында «JAS FEST-2024» Түрксіб ауданы демалыс орталықтары фестивальі өтеді. Іс-шара, Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен, Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры ұйымдастыруымен өтпек.

Демалыс орталықтар — бұл жастарға оқудан немесе жұмыстан бос уақытында шығармашылықпен, спортпен және өзін-өзі дамытумен айналысуға арналған орталықтар. Жастардың тұрғылықты жерінде, жеке уақытын ұйымдастыруға бағытталған орталықтар болып табылады. Ал бұл өз кезегінде, құқық бұзушылықтың алдын алу, нашақорлық, шылым шегу, тағы басқа әлеуметтік келеңсіз құбылыстармен күресу сияқты мәселелерді шешуге ықпал етеді.

Бізде «JAS FEST» жобасы 2022 жылы бастау алған болатын. Ендігі фестиваль  Түрксіб ауданында өткелі отыр. Фестиваль аясында қала тұрғындары жылына 2 рет Түрксіб ауданындағы демалыс орталықтарымен тікелей танысып, қажетті үйірмелерге жазыла алады.

Фестивальде барлық қонақтар үшін шара барысында ойын-сауық концерттік бағдарлама, дамытушы шеберлік сабақтар, спорттық жарыстар және демалыс орталықтар жәрмеңкесі ұйымдастырылады.

Алматылықтар жәрмеңке барысында өздерінің барлық тілектері мен талаптарына сай келетін орталықты тауып, оған тегін тіркеле алды.

Айтарлықтай, демалыс орталықтарының қызметкерлерінің рухани дамуы мен білімін арттыруға бағытталған осындай іс-шараларды үнемі өткізу жоспарлануда.

210 шақырымнан астам жол артта қалды: Қарағанды Меңдібай ағаның жаңа Құрылтайға бастар жолын қолдады

Меңдібай Әлімғазинов «Құрылтайға жол» ультрамарафонының кезекті маңызды белесін еңсеріп,...

Министрлік Қазақстан азаматтарының дербес деректерінің таралуы және олардың даркнетте тергеуі туралы ақпараттан хабардар

Қазіргі уақытта бейінді қызметтермен байланыс ақпаратқа техникалық тексеру жүргізуде....

Алматы қаласы Жетісу ауданының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру жөніндегі ақпараты

Жетісу ауданы әкімінің аппаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қазақстан...

Жастарға мемлекеттік қызметке жол ашылды

Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесінде әділ әрі ашық кадрлық саясатты...