12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

28 шілдеде ауа райы қандай болады?

Қазгидромет мамандары 28 шілдеде ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады, оңтүстік-батыста, солтүстікте және шығыста найзағай ойнап, бұршақ жауады, екпінді жел соғады», — делінген хабарламада.

Күндіз Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында, Жетісу облысында, Абай облысының оңтүстігінде және Түркістан облысының шөлді аймақтарында қатты ыстық сақталады.

«Күндіз солтүстікте, Алматы облысының орталығында, солтүстікте, оңтүстікте, Жетісу облысының орталығында және Жамбыл облысының батысында өте қатты ыстық болады», — делінген хабарламада.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атыраудың оңтүстік-батысында, Қарағандының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде, Алматының солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, Шығыс Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, Абай ауданының батысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі болады.

Маңғыстауда, Атыраудың оңтүстік-шығысында, Қостанайдың оңтүстігінде, Түркістанның оңтүстігінде және шөлді аймақтарында, Қызылорда облысының орталығы мен оңтүстігінде, Ұлытау облысының батысы мен орталығында аса жоғары өрт қаупі сақталады.

Кредит нарығындағы өзгеріс: кімге қарыз берілмейді, кімге жеңілдік бар

Агенттіктің мәліметінше, 2024 жылғы тамызда халықтың барлық кредиттері бойынша жылдық тиімді сыйақы ставкасының (ЖТСМ) шекті мәндері азайтылған.

16 жасқа толмаған балаларға TikTok пен Instagram-ға тыйым салынды

Аустралия 16 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салған алғашқы ел болды. Көптеген ғалым мұны жасөспірімдердің психикалық денсаулығына және әлеуметтік байланыстарына шектеудің әсерін зерттеуге мүмкіндік беретін тәжірибе деп бағалап отыр.

Қазақстанда киімдер АҚШ пен Жапониядан қымбат екені рас па?

Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та "Қазақстанда киім мен аяқ киім АҚШ-қа, Жапонияға және Канадаға қарағанда қымбат" деген ақпарат тарады.

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері уақытша жабылады

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері мерекеге байланысты  екі күнге жабылады.

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.