Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медаль түсті. Қазақстандық мергендер Ислам Сәтпаев пен Александра Ле Олимпиаданың қола жүлдесін жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі msports.kz мәліметіне сілтеме жасап.
Пневматикалық винтовкамен 10 метрге нысана көздеуден аралас командалық сында отандастарымыз Германия құрамасынан айласын асырды.