Ақтөбеде автожолдардың сапасына кепілдік беру мерзімі екі есе ұзартылды

Ақтөбеде жол саласында жұмыс істейтін мердігер компанияларға жаңа талап қойылды. Биылдан бастап кепілдік мерзімі орташа жөндеу жұмыстарына 5 жылға, күрделі жөндеуге және реконструкцияға 7 жылға ұзартылды.

Бұрын мердігерлер бұл жұмыстарға 2 және 3 жыл кепілдік берген еді. Бұл жол сапасын жақсарту үшін жасалып жатқан шаралардың бірі. Жақында қала әкімдігі бекіткен жаңа талап туралы шаһар басшысы Азамат Бекет айтып берді.

«Қаламыздың аумағында биыл 98 шақырым жол жұмыстары жүріп жатыр. Бұл дегеніміз жалпы саны 66 жоба. Оның ішінде биылғы жаңа жобалар да және өткен жылдары басталып, аяқсыз қалған жолдар да бар».

«Жолдардың сапасына қатысты шағым жиі айтылып келеді. Тұрғындардың өкпе-реніші әрине, орынды. Бұл сынды түзеу — біздің міндетіміз. Біздің бұл бойынша тұрғындарға жеткізетін жақсы жаңалығымыз бар. Техникалық сипаттамаға сәйкес, жол салатын мердігер компанияларға биылдан бастап жаңа талап қойып отырмыз. Яғни, бұрын орташа жөндеу жұмысына мердігер беретін кепілдік мерзімі — 2 жыл, ал күрделі жөндеуге 3 болған еді. Ал биылдан бастап мердігерлерден орташа жөндеуге 5 жыл, күрделі жөндеу, реконструкция жұмыстарына 7 жыл кепілдік беруді талап етіп отырмыз.

Биылдан басталған жаңа жобалардың бәрінің кепілдік мерзімі осы жаңа талапқа сай қойылып отыр. Бұл енді жол саласында жұмыс істейтін мердігерлердің жауапкершілігін күшейтетіні сөзсіз. Бұрын асфальт екі жылдан кейін ойылып бұзылатын болса, кепілдік мерзімі өтіп кеткендіктен, мердігерді жауапқа тарту мүмкін емес еді. Ал енді кепілдік мерзімі 5-7 жылға ұзартылғандықтан, жол салатын компаниялар сапаға жауапкершілікпен көңіл бөлетін болады деп ойлаймын. Оның үстіне қазір жол активтерінің ұлттық орталығы, техникалық бақылаушылар жол жұмыстары кезінде бақылауды қатаңдатуы тиіс. Себебі, кепілдік мерзіміне қатысты біздің енгізген бұл жаңа ереже олардың жұмысына да талап күшейетінін білдіреді», — деді Азамат Бекет.

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...

Қазақстандықтар енді зейнетақы жинағын тіс емдеуге қолдана алмайды

Денсаулық сақтау министрлігі 2021 жылғы 15 ақпандағы "Емделу үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрыққа өзгеріс енгізіп жатыр. Бұл өзгерісте зейнетақы жинағын тіс емдеуге пайдалануға тыйым салу көзделеді.

Қазақстан Парламентінің болашағы туралы

Президент бір палаталы Парламентке көшу мәселесін талқылауды ұсынды. Бұл...