12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Алматылықтар үшін шет тілдерін тегін үйренуге мүмкіндік беретін  «Тілдер саябағы» жобасы  басталды

Ағымдағы жылдың 25 шілде күні Алматы қаласында «Тілдер саябағы» қалалық әлеуметтік, ашық аспан астындағы қазақ тілін және шет тілдерін тегін оқыту бойынша жобаның ашылу салтанаты өтті.

«Тілдер саябағы» жобасы Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен Волонтерлер фронт-офисімен жүзеге  асырылуда.

Жоба Алматының барлық аудандарын қамтиды және таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік бере отырып, 8 ірі саябақтарда жүзеге асатын болады.

Ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Азамат Қалдыбеков, Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек, Алматы қаласының мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйым өкілдері, қоғамдық кеңес мүшелері және белсенді қала жастары қатысты.

             «Жоба Алматының барлық аудандарын қамти отыра, таза ауада шет тілдерін үйренуге бірегей мүмкіндік береді. Оған қоса, 8 ірі саябақта іске асырылатын болады. Сабақтар жаз мезгілінде аптасына 3 рет өткізіледі және 6 жастан 60 жасқа дейінгі барлық жастағы қатысушылар үшін ашық. Оқу аяқталғаннан кейін жобаға қатысушыларға сертификат беріледі. Қыркүйек айында біз сұранысқа ие топтарға арнап жобаны комьюнити орталықтарда жүзеге асыруды жалғастыруды жоспарлап отырмыз. Айта кетейін, Алматыда жылына жастарға арналған 1000-нан аса экологиялық, тегін курстар,  мәдени және спорттық  шаралар тұрақты түрде өтіп тұрады.  Бұл жобалардың барлығы жастарды қаланың мәдени-қоғамдық өміріне тартып, олардың жеке дамуына ықпал етіп және бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған» — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқарма басшысының міндетін атқарушы Азиз Кажденбек.

Бағдарлама шеңберінде тілді меңгеру деңгейін көрсететін курстарды аяқтағаннан кейін сертификаттар бере отырып, қазақ тілін қоса алғанда, 8 тіл бойынша курстар ұсынылады. Күзгі және қысқы уақытта ең белсенді топтар үшін тегін оқыту ауданның комьюнити орталықтары базасында жалғастырылатын болады. Осылайша, жыл бойы оқытуды ұйымдастыру жоспарлануда. Айта кетейік, сабақтар қала тұрғынадарына ыңғайлы болу үшін, барлық аудандарда қатар жүзеге асады.

Әр аудан бойынша ақпаратты төмендегі кестеден көре аласыздар.

Еңбек дауларын қарау тәртібі

Еңбек даулары бүгінде ең өзекті және күнделікті мәселелердің қатарында....

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...